Әр түрлі

Шалақындықтар Астананың 20-жылдығын атап өтті

Астананың мерейтойына орай арнайы соғылған саяжол таспасын аудан әкімі Нұрлан Есімов қиды. Жасыл желек, әдемі орындықтар, ал ортада алып Бәйтерек. Енді мұндай демалыс орнымен Сергеевка тұрғындары да мақтана алады.

Нұрлан Есімов – Шал ақын ауданының әкімі:


– Құмар Іргебайұлы мұндай саяжолдарды барлық аудан орталықтарында жасау тапсырмасын берген болатын. Мұндағы игіліктердің барлығы жергілікті шеберлердің қолымен жасалған. Бюджеттен 5 млн теңге қарастаралды. Оны тек материалға жұмасдық. Жұмыстардың бәрін өз қолымызбен жасадық.

Мұнда барлығы 10 сәнді орындық орнатылған, кеспетас төселген. Ал алдағы 1,5 ай көлемінде жаңа балалар алаңқайы пайда болады. Бірақ аллеяның басты символы – мына 7 метрлік Бәйтерек. Әлем таныған ғимараттың шағын макеті Владимир Даниленко және оның командасының еңбегі.

Владимир Даниленко – “Даниленко” ЖК басшысы:


– Қалай жасаймыз деп көп ойландық, эскиздердің бірнеше түрін сыздық. Макет таза металдан жасалған, бәрін шындыққа сай етуге тырыстық. Материалды сапалы өңдеу үшін тіпті бірнеше рет Петропавлға жол тартуға тура келді. Нәтиже ойдағыдай. Жанынан өтіп бара жатқанда мақтаныш сезімі кернейді.

Ал Сергеевканың орталық алаңында ел жүргенінің елеулі мерейтойына орай ауқымды салтанаттық іс-шара өтті. Алдымен аудан әкімі Повозочное ауылының тұрғыны, 35-ті енді еңсерсе де, 6 бірдей баланы тәрбиелеп отырған батыр ана – Әсемгүл Көкібаеваға “күміс алқа” табыстады.

Әсемгүл Көкібаева – көп балалы ана, Шал ақын ауданы:


– Үлкен қызым 16-ға толады. жалпы 5 қызым және бір ұлым бар. Балаларым бақытты, үкіметтен көмек бар. Көбі көп балалы болу қиын деп жатады. шынында қиын емес.

Кейін еңбегімен ерлеген шалақындықтардың бірқатары басшы қолынан облыс және аудан әкімінің грамоталары мен алғыс хатарын алды, кейбірі төсбелгілер мен медальдарды иеленді.

Талғат Теменов – “Ибраево” шаруа қожалығының директоры, шал ақын ауданы:


– Ы.Ыбыраев ауылындағы шаруа қожалығын басқарып жүргеніме 16 жыл болды. 20 адамды еңбекпен қамтып отырмыз. Егін және мал шараушылықтарымен айналысамыз. Марапатқа қуаныштымын. Шалақындықтарды мерекемен құттықтаймын.

Сәуле Мұқанова – зейнеткер, Шал ақын ауданы:

 


– Мен аудандық орталық ауруханада 35 жыл тіс дәрігері болып қызмет еттім. Қазір құрметті еңбек демалысындамын. Соған қарамастан, көпжылдық еңбегімді ұмытпай, аудан әкімі алғыс білдіріп жатыр. Өте қуаныштымын. Елордамыз, өсіп, өніп, өркендей берсін.

Шалқар шабыт – Шал ақын елінің өнерпаздары кейін қалың бұқараны өнерімен қуантты.

Саят Ермек