Мәдениет

Петропавлда елорда мен қала күні дүркіретіп тойланады

Тоғжан Ақмағамбетова – тілші:


– Қазіргі таңда елордамыздың 20 жылдық мерейтойын шаһарымызда дүркіретіп тойлау үшін қызу дайындық жүргізіліп жатыр. Жалпы бұл күні Петропавл мен өңіріміздің жер-жерінде 650-ден артық мерекелік іс- шара өткізілмек.

Астана күніне арналған мерекелік іс-шаралар бірінші Президент саябағындағы алаңда сағат түскі 12-де басталады. Осы маңайда концерттер мен түрлі байқаулар ұйымдастырылып, қылқалам шеберлері мен фотосуретшілердің туындылары жайылады, кітаптар көрмесі өтеді. Сондай-ақ, түрлі спорттық жарыстар да ұйымдастырылады.

Аягөз Әубакирова – СҚО мәдениет, архивтер, және құжаттама басқармасының бас маманы:


– Шілденің 7-сіне Н.Погодин атындағы орыс-драма театрының алдында “Қымыз Фест” фестивалі жоспарланған. Сол маңда ұлттық тағамдар пісіріліп, баршасы одан ауыз тие алады. Мұнда қала тұрғындары мен қонақтары қазақ халқының ұлттық ойындарынан да бақтарын сынамақ.

Мерекелік шаралар шілденің 8-інде де жалғасын таппақ. Таңғы сағат 11-де орталық алаңда театрландырылған қойылым сахналанбақ. Жалпы, жексенбі күні шаһарымыздың түкпір-түкпірінде алуан түрлі іс-шаралар өткізіледі. Ал, қызыққа толы 3 күндік демалыстарды мерекелік отшашу тұйықтайды.

Тоғжан Ақмағамбетова