Құқық қорғау органдары

Қылмыстық атқару жүйесінің облыстық департаменті Елорда күнін атап өтті

Погон таққан бұл жандар – өңірдегі түзету мекемелеріндегі тәртіпті қадағалайды, жазасын өтеп отырған қылмыскерлермен жұмыс жасап, босағандардың қисық жолға қайта түспеуін қамтамасыз етеді. Осылайша, облыс, одан қалды ел аумағындағы қоғамдық тәртіпті сақтайтын қылмыстық атқару жүйесінің мамандары жарқын мереке – Астана күні қарсаңында құрметке бөленді.

Букембай Жусупов – СҚО қылмыстық атқару жүйесі департаментінің бастығы:

– Астана – әліміздің мақтанышы. Осы жарқын мерекеде сіздерге денсаулық, отбасыларыңызға амандық, қызметте табыс тілеймін.

Салтанат барысында департамент бастығы қызметіне адал, еңбегінде алда жүрген мамандардың бірқатарына ІІД және Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің грамоталарын табыстады.

Ал кейбірі мереке қарсаңында кезекті шендеріне мерзімінен бұрын қол жеткізді. Солардың бірі – Манар Қабай. Былтыр ғана Қарағанды акамеиясын тәмамдаған бойжеткен бүгінде әйелдер колониясында қызмет етеді.

Манар Қабай – ЕС-164/6 түзету мекемесінің жедел уәкілі:


– Астана күні қарсаңында аға лейтенант шенін алғаныма қуаныштымын. Біздің қызмет қиынғ, бірақ маңызды. Осыған қарамастан, еліміздегі тәртіп үшін әрі қарай еңбек етуге дайынмын.

Шара Солтүстік Қазақстан облыстық филормониясының ұжымы дайындаған концертпен жалғасты.


 

Саят Ермек