Мәдениет

Ақын Клавдия Чепурко балаларға арналған 2 кітап шығарды

Сиясы кеуіп үлгермеген қос өлеңдер жинағында ақын Клавдия Чепурко кішкентай немересінің балалық шағы жайлы қалам тербеген. Жеңіл тілмен жазылған туындылар негізінен қысқа өлең шумақтарынан тұрады.

Людмила Бейлова, ақынның құрбысы:


–  Осы кітапты 4 жасар шөбереме деп сатып алдым. Ол оны қолынан тыастамайды. Тіпті, төсекке жатқанда жастығының астына салып алады.

Клавдия Чепурконың ақындық қабілеті мектеп қабырғасынан-ақ байқалған. Бүгінде 57-ге келсе де, қаламгер көбіне махаббат, жастық шақ тақырыптарында өлең шығарады.

Клавдия Чепурко – ақын, Қызылжар ауданы:

– Алдағы уақытта тағы бір кітаптың тұсауын кесу ойымда бар.Жинаққа қажетті барлық материалдар дайын тұр. Ол өлеңдерде мен Алеша және Неля есімді немерелерімнің өмірді қандай көзқараспен көретіндігі жайлы қалам тербедім.

“Алешина азбука” және “Алешкины истории” атты жинақтар 300 данамен жарық көрді. Ал 2008 жылы Клавдия Чепурконың “и душу настежь распахну” атты өлеңдер жинағы баспадан шыққан болатын.


Тогжан Акмагамбетова