Аптадағы маңызды жаңалықтар

Жерлестеріміз 1-ші қазанға дейін жеке мүлік салығын төлеулері тиіс

Бүгінде Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасында 88 мыңдай салық төлеуші жеке тұлға тіркелген. Оның 45 мыңына үстіміздегі жылдың 1-ші шілдесіне дейін жылжымайтын мүлік салығын төлеу керектігі жөнінде хабарлама келіп түсіпті. Ал қалған тұрғындарға фискалды орган мамандары салық мөлшері жөнінде ескертпелер таратуда. Осы күндері петропавлдықтар “қазпошта”, “екінші деңгейлі банктерге” келіп, жыл сайынғы мүлік салығын төлеп жатыр.

Саят Әбдірахманов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы:


– Заң бойынша жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлігіне пәтер, жеке баспана, саяжай мен гараждар жатқызылады. Осы санатқа енетін жерлестеріміз өткен жылдағы салығы туралы толық мәліметтерді қалалық мемлекеттік кірістер басқармасы кеңсесіндегі терминалдан біле алады. Дәл осындай терминалдар “Семейный”, “Рахат” пен “Сити Молл” сауда орталықтарында орнатылған.

Мүлік салығының соммасы жөніндегі толық ақпаратты кез-келген қалалық, осы терминалдардың көмегімен біле алады. Ол үшін салық төлеушінің қолында штрих-коды бар жеке куәлігі болғаны жөн. Айту керек, петропавлдықтар жеке мүлік салығын ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін төлеп үлгеруі тиіс. Олай болмаған жағдайда:

Саят Әбдірахманов – Петропавл қаласы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке тұлғалармен жұмыс бөлімінің бас маманы:


– Қазанның 1-не дейін мүлік салығын төлемеген тұлғалардың төлеміне өсімпұл тағайындалады. Әр күнге бекітілген айыппұл мөлшері 1,25 пайызы құрайды. Ол ҚР ҰБ-нің бекіткен тұжырымдамасы. Бұл қарызға осы іспен айналысатын жеке сот орындаушыларының қызметін қосыңыз. Бір сөзбен айтқанда, жауапсыз салық төлеушілер қомақты шығынға ұшырап, қаржысынан қағылады.

Салық кодексіндегі тағы бір өзгеріс ол 3-ші топтағы мүгедектердің жылжымайтын мүлік салығын төлеуден босатылуы. Бұған дейін бұл санатқа ҰОС ардагерлері мен тыл еңбеккерлері енгізілген еді. Жалпы шаһардағы салық төлеушілерден облыс қазынасына 126 млн теңге қаржы түседі деп жоспарланған. Әзірге аталған сомманың тек 26 млн-ы ғана түскен.


Бахыт Сәдуақасов