Без категории

СҚ далалық ландшафты зерттеледі

Орыс географиялық қоғамы соңғы 6 жыл бойы дала полисінің түрлі өңірлерін аралап келеді. Бұл аумаққа Румыния, Венгрия, Молдова, Қытай, Моңғолия мен Қазақстан сынды елдер кіреді. Себебі, Еуразияның жазық даласы жер шарында ең көп зақымдалған ландшафт деп саналады екен. Сондықтан, ресейлік ғалымдар қазір оны сақтап, қалыпқа келтіру үшін қыруар шаруа атқаруда. Аталған саланың өзекті сұрақтары 3 жылда бір рет ұйымдастырылатын Еуразияның жазық даласына арналған симпозиумде талқыланбақ. Халықаралық іс-шара Қыркүйектің 15-і Ресейдің Орынбор қаласында өтіп, жер-жерден келген ғалымдардың басын қосады.

Александр Чибилев – Ресей ғылым академисының академигі, Орыс географиялық қоғамының вице-президенті, РҒА Уралдық бөлімшесі дала институтының ғылыми жетекшісі, Орынбор қ, РФ:


– Симпозиумге дайындық ретінде М.Қозыбаев атындағы СҚМУ далалық семинар өткізудеміз. 3 күн бойы экспедиция мамандары СҚ өңірінде жұмыс жасайтын болады. Бұл ретте біз өзен, көлдер, дала ландшафтарын зерттемекпіз. Кейін экспедиция Қазақстанның басқа өңірлерінде жалғасады. Оның қорытындысы ретінде алдағы уақытта бірқатар ғылыми жұмыстарды жарияламақпыз.

Қазақстанда 186 млн гектардай жайлау бар. Егер бұл жерді толығымен пайдаланса, жылына 1,5-2 млрд АҚШ доллары көлемінде пайда түсіруге болады, дейді еліміздің ғалымдары. Алайда, бұл алқаптар мен жайылымдардың қолданысы көңіл көншітпейді. Ауыл шаруашылығы саласында олардың тек 20 пайызына егін егіліп, мал бағылады екен. Оның өзінде, жауапсыз аграрийлер жерді тиімді пайдалана алмауда. Сондықтан, да бүгінде елімізде дала ғылымын дамыту қажет. Осыған орай, қазақстандық ғалымдар Орынбор қаласында өтетін 8-ші симпозиумның қорытындысы бойынша «Солтүстік Еуразиядағы жазық даланы дамыту жолдары» тұжырымдамасын жасап шығарамыз деп отыр.

Мұрат Нұрышев – ҚР және РФ биология ғылымдарының докторы, Астана қ.:

 

– Тұжырымдама жасағаннан кейін бізге БҰҰ бағдарламаны дамыту бағыты бойынша 6-8 млн доллар көлемінде жыл сайын қаражат бөлінетін болады. Біз, әзірге, бұл ақшадан айырылып отырмыз.

Бұл тұжырымдама, елімізде аталған саланың дамуына тың серпін бермек.

Эльмира Садвокасова