ТЖ

Қала жағажайларында рейд өткізілуде

Жаз келісімен, қолайлы ауа райын қалалықтар тиімді пайдаланып қалғылары келеді. Сондықтан, бос уақыттарында шомылуға барады. Алайда, теріскейліктердің басым бөлігі өз өмірлерін қатерге тігіп, белгіленбеген жерлерде суға түседі екен.

НҰРЛАН КҰЛҚАШЕВ – СҚО ТЖД СҮҢГУ-ҚҰТҚАРУ БӨЛІМІНІҢ БАС ҚҰТҚАРУШЫСЫ:

– Статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, жыл басынан облыс бойынша екі адам батып кетті. Олар рұқсат етілмеген жерлерде суға түскен.

Суға белгіленбеген жерде түсетіндерден бөлек, тағы алкогольдік ішімдікпен демалуды жөн көретіндер де бар. Мамандардың айтуынша, оқыс оқиғалардың көбі араққа сылқия тойып алатындардың салдарынан орын алады.

АЙБАТЫР ӘМІРОВ – ПЕТРОПАВЛ Қ. ІІБ ЖПҚ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫНЫҢ КӨМЕКШІСі:

– Суға түсуге рұқсат етілмеген орындарды тексеру және бақылау жұмыстары шомылу маусымында ерекше қолға алынады. Осы мақсатта құтқарушылармен жазғы маусымда жүргізілетін іс-шаралардың бірлескен жоспарын әзріледік. Рейд барысында 340-бап -қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер ішу және 364-бап бойынша шомылу ережелерін бұзу фактілері анықталды.

Рейдтік іс-шараның нәтижесінде жеті әкімшілік хаттама толтырылып, заң бұзушыларға ескертулер берілді. Сондай-ақ, полицейлер профилактикалық әңгімелесулер жүргізіп, демалушыларға жадынамалар таратты.

Эльмира Садвокасова