Қоғам

Астананың мерейтойына орай БиблиоFest өтті

Библиофест қатысушылары шара басталмас бұрын кітапхананың алдына шығып, Елорданың мерейтойына орай сары-көк түсті шарларды ұшырды.

Фестивальдың көздегені – Астананың 20 жылдығын ұлықтап қана қоймай, жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру. Сондықтан Шухов кітапханасының қызметкерлері оларға ауқымды бағдарлама әзірлеген.

Ләззат Бримова, И.Шухов атындағы орталық қалалық кітапхананың кітапханашысы:

– Біз мұндай фестивальді Петропавл күні қарсаңында жыл сайын ұйымдастырамыз. Арнайы жасалған кітап көрмесі, музыкалық колейдоскоп және түрлі ойындар арқылы оқырмандарымыз Астананың тарихын тереңірек таныса дейміз. Себебі ол біздің бас қаламыз және еліміздің мақтанышы.

Бұлардың арасындағы ең қызығы әрі маңыздысы – брейн ринг. Департамент курсанттары ресурстық орталық жастары және кітапхана қызметкерлерінен құралған үш команда Астананың тарихы, көрікті жерлері мен ерекше ғимараттары жайлы сұрақтарға жауап берді.

Марат Ахметов – СҚО ТЖД курсанты:


– Мұндай шараларға жиі қатысып тұрамыз. Кеше дайындалдық. Себебі, бәрі Астананың тарихын білуі тиіс. Шетелдіктерге айтқанда олар қызығады, бізге келеді.


Брейн-рингке қатысқан әр құрамаға тәтті сыйлықтар табысталды.


 

Саят Ермек