МТРА жаңалықтары

Теріскейде сот өкілдеріне арналған семинар-тренинг басталды

Бұл жерге жергілікті сот өкілдері жиылған. Іс-шараның басты мақсаты – фемида өкілдерінің сөйлеу шеберліктерін жетілдіру. Сотта көсіліп сөйлеу үшін сауатты болу аздық етеді. Процесске келгендерге ойыңды дұрыс жеткізе білудің маңызы зор. Өйткені сөздің сауатты әрі нақты болуы – әр адам тағдырының дұрыс шешілуіне әсер етеді. Сол себепті осы салада жұмыс істеп жүрген маман біріншіден, өз-өзіне сенімді болуы керек. Екіншіден, судьяның сөзіне халық илануы тиіс. Осының барлығына қол жеткізу үшін Астана қаласынан арнайы келген оратор маман – Меруерт Жүнісбек сот өкілдеріне тренинг жүргізуде.

Меруерт Жүнісбек – «Ника» коммуникативтік даму орталығының негізін қалаушы, Астана қаласы:


Бүгінгі семинарда сот өкілдерінің мамандарымен өзімнің тоғыз жылдық тәжірбиеммен бөлусудемін. Ең басты мақсат оларды ораторлыққа үйрету.

Бүгінгі семинар-тренингте жоғарғы соттың қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді жүргізу бойынша қабылдаған нормативтік жарғыларының ерекшіліктері жайлы да сөз қозғалды.

Татьяна Ларина – Солтүстік Қазақстан облысының судьясы:

– Бүгінгі семинарда өзіме керекті ақпарат алдым. Мәселен біз қаншалықты сауатты сөйлесек адамдарда бізге соншалықты сеніммен қарайды. Бұл біздің ісіміздегі негізгі көрсеткіштердің бірі.

Айта кету керек тренингке 80-нен астам фемида өкілі қатыс
ып жатыр. Жиын екі күнге созылмақ.

 

Дана  Ешкенова