Кәсіпкерлік саласын қолдау тетіктері таныстырылды

Бизнес және экономика

14:04 29 Маусым 2018

Залға жиылғандар – кәсіп ашып, жеке ісін дамытып отырған бизнесмендер мен мемлекеттік орган өкілдері. Жалпы саны – 50 адам. Оларға Астанадан келген «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» мамандары қайтарымсыз грантты қалай алуға болатындығын түсіндіруде. Мемлекет қолдауына үміттенгендер 16 басым бағыт бойынша ісін дамыту керек. Араларында медицина, айти технологиялар, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларындағы жобалар бар.

Жанар Шахина – «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ технологиялық трасферттер орталығының сарапшысы:


– Үш негізгі грант түрі бар. Крийтерийлер негізіне ол талаптарға сай болу керек. Келіп түскен гранттарды тексерудің бірнеше кезеңі бар. Комиссия жұмысты қарайды. Оған өтінім беруші қатыса алады.

Былтыр қайтарымсыз гранттты ұтып аламын дегендерден 208 өтініш түссе, 12-сі мақұлданыпты. Солардың бірі – Петропавл трактор зауыты ұсынған жоба. Осылайша, кәсіпорын 98 млн. теңгенің грантын жеңіп алған болатын.

Арман Оразғұлов – СҚО индустриалдық-инновациялық даму басқармасының басшысы:


–  Сол сияқты өзге кәсіпорындар да қайтарымсыз қаржыны ұтып алуға ұмтылуы тиіс. Бүгінде теріскейдің иновациялық жобалары аз емес. Бұл ретте полипропилен ыдысын жасау өндірісін айтуға болады. Бұдан бөлек бірқатар кәсіпорындар өз жобаларын әзірлеп жатыр. Сондықтан олар алдағы уақытта аталмыш бағдарламаға қатысатын болады.

Қазіргі таңда агенттік кәсіпкерлерден өтініштер қабылдап жатыр. Мемлекеттік қолдауға қол жеткіземін деген солтүстікқазақстандық іскер жандар өтінімдерін шілденің 16-на дейін беруі тиіс. Айта кету керек, мамандар бұл ретте Алматы, Астана және қарағандылық кәсіпкерлер белсенді деп отыр.

Магжан Ахмадина



Бұдан әрі оқыңыз

Жас кәсіпкерлерге арналған “Баста” форумы
“Даму” қоры баспасөз турын ұйымдастырды
15 қараша – Ұлттық валюта күні