Қоғам

Шілденің алғашқы жексенбісі – ұлттық домбыра күні

Әр қазақтың үйінен табылуы тиіс домбыраның тарихы тереңде жатыр. Ресми деректерге сүйенсек музыкалық аспап осыдан 2 мың жыл бұрын жасалыпты. Бірақ, оның қай жерде және кімнің әзірлегені әлі күнге дейін белгісіз.

Назгүл Бейсембина – “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі:


– Бұрынғы Хорезм қаласында археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу кезінде домбыра тартып отырған музыканттардың мүсіні табылған. Осындай жұмыстардан соң зерттеушілер домбыраның 2 мың жылдық тарихы бар дейді.

Өзімізге мәлім, тарихта домбыра туралы аңыз көп. Соның бірі – Жошының өліміне қатысты. Күллі әлемге танылған Шыңғысханның үлкен ұлы құлан атуға барыпты. Бірақ аңшылық кезінде қаза тапқан. Бұл суық хабарды ешбір жан патшаға қорқып айта алмайды. Тек сол кездегі күйші Кетібұға ғана ұлттық аспапта күй ойнап, қайғылы жағдайды жеткізген екен. Бұдан соң қос ішекті құнды дүниеге Шыңғысхан өзгеріс енгізді деген ақпар бар.

Назгүл Бейсембина – “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінің экскурсия жүргізушісі:


– Суық хабар әкелген адамның көмейіне қорғасын құямын деген болатын. Бірақ хан сұйықтықты домбыраның үстіңгі жағына құяды. Осыдан оның бетінде саңлау пайда болды деген болжам бар.

Осындай бабабан балаға мирас болған домбыра “Абылай хан резиденциясы” музей кешенінде сақтаулы тұр. Ол осыдан шамамен 300 жыл бұрын жасалыпты.

– Мінекей 18 ғасырда жасалған домбыра осы. Оны қолмен ұстауға болмайды. Бірақ біз музыкалық астапты көріп, тарихымен танысуға мүмкіндік алып отырмыз.

Бұл жәдігерді 2008-ші жылы музейге Айыртау ауданының тұрғыны тапсырыпты. Оған астап атасынан қалған екен. Атадан балаға мұра болып келе жатқан домбыра әбден ескірген. Оның қос ішегі түсіп қолған, перне тақталары да көрінбейді. Кейбір жерлеріне шеге қағылыпты. Музыкалық аспаппен резиденцияға келген балаларды экскурсия жүргізушілері таныстырды.

Қазіргі күні арамызда ұлттық астаптың құлағында ойнайтын жандар аз емес. Солардың бірі облыстық филармонияның әншісі Біржан Есжанов.

Біржан Есжанов классикалық қазақ әндерін құлақтың құрышын қандыра шырқайды. Ол Астана қаласындағы Қазақ Ұлттық өнер университетінің түлегі. Азамат шілде айының бірінші жексенбісі ұлттық домбыра күні болып бекітілгеніне дән риза. Бұл Алаш жұртына тиесілі музыкалық аспапқа жасалған құрмет деп санайды.

Біржан Есжанов – СҚО филармониясының дәстүрлі әншісі:


– Бұл домбыра – атадан қалған домбыра. Оны кезіндегі Қорқыт, Шал ақындар қолына ұстап өтті. Тіпті, Әміре әнші осы домбырамен Парижде ән салып келген болатын.

Айта кеткен жөн, талантты әншінің қоржынында 250 туынды бар.

Байболат Култанов