Денсаулық сақтау

Санкт-Петерборлық дәрігерлер қабылдау жүргізуде

Дәрігерлердің көмегіне жүгінетін пациенттердің арасында остеохондроз, арқа мен бас аурулары, қан қысымының тұрақсыздығынан зардап шегетіндер аз емес. Көп жағдайда бұндай ауруларға мойын омыртқасының, яғни атланттың жылжуы себеп болады. Бас пен омыртқаны біріктіріп тұратын бұл буын жол апаттары, спорттық немесе өндірістік жарақаттар, баланың туылуы кезінде орнынан қозғалып кетеді. Осыдан 20 жыл бұрын Швейцария ғалымдары бұл дертті емдеу әдісін ойлап тапқан болатын. Ал Санкт-Петерборлық «Атлант» медициналық орталығының дәрігерлері аталған технологияны 6 жылдай жемісті пайдаланып келеді.

Михаил Папижук – атлас бойынша маман:

 


– Пациенттерімізді швейцариялық “вибропрессура” құрылғысының көмегімен созылмалы аурулардан емдейміз. Бұл әдістің бір ерешелігі – ем-дом шараларында дәрі-дәрмек пайланылмайды. Ал емдеу қауіпсіз, омыртқаға еш ауыртпалықсыз жүргізіледі. Бізге жүгінетін пациенттердің көбі мойын мен арқа аурулары мазалайтынын айтады.

Қала тұрғыны Гүлзейнеп Нұрлыбаеваның да арқа сүйегі сырқырайды екен. Сондай-ақ, нәзікжандыны мойнындағы ауырсынулар мазалайды. Дертіне шипа іздеген жерлесіміз алғаш рет ресейлік ақ халаттылардың қабылдауына сәуір айында жазылыпты. Бүгін кезекті рет көрініп қайтты.

Гүлзейнеп Нұрлыбаева – қала тұрғыны:


– Ем-дом шараларынан кейін бастапқы бірінші айда біраз ауырсынулар болды. Кейін 1,5 айдан қайта ем шараларын қабылдадым, содан соң барлық ауырсынулар басылып, өзімді жақсы сезіндім. Бүгінгі күнге дейін дәрігерлер үнемі хабарласып хал-жағдайымды біліп тұрады.

Санкт-Петерборлық ақ халаттылар швейцариялық әдісті меңгеру үшін арнайы курстарды тәмамдаған. Атлант медициналық орталығының дәрігерлері қабылдауды М.Жұмабаев көшесі 109 мекен-жайының 7-ші қабатында жүргізеді. Дертіңізге дауа іздеп жүрсеңіз 8-715-2-63-21-72 нөміріне хабарласыңыз.

Альмира Жетпісбай