Спорт

Петропавлда қыздар арасында волейболдан ҚР чемпионаты басталды


Волейболдан қыздар арасында Қазақстан Республикасының жазғы чемпионатын өткізу игі дәстүрге айналды. Өңірімізде байрақты бәсеке осымен 3-ші мәрте өткізілуде. Маусымның 23-інде бастау алған сайысқа еліміздің әр аймағынан 44 команда жиналған. Олар жас ерекшеліктері бойынша үш топта қаламыздың үш алаңында өнер көрсетпекші.

Евгений Целых – жарыстың бас төрешісі:


– Жарыс “Жеңіс” спорт мектебі, спорт-интернат және қазақ мектеп гимназиязының базасында өткізілуде.
Чемпионатқа жас ерекшеліктеріне қарай 2000-2001жж арасынан 13 құрама, 2003-2004 жылғылардан 18, 2005-2006 жж 13 құрама қатысып жатыр. Мұнда жас болса да кәсіби спортпен шұғылданушы жеткіншектер аз емес. Сондықтан да кездесулердің бәрі қызықты өтеді.

Биыл ұйымдастырушылар ойын тәртібін сәл өзгерткен. Ескі жүйе бойынша, алғашқы ойында жеңілген құрама, 1-ші дивизиондағы ойындарға қатыса алмайтын, енді, командалар мұндай мүмкіндік беріліп отыр.

Міне, тартысты өрбіген додада кіл мықты қыздар бақтарын сынауда. Алаңда Алматы мен Павлодарлық бұрымдылар. Құрамалар өзара 3 ойын өткізеді. Алғашқы периодта, Павлодарлық “Иртыш Казхром” құрамасы қарсыластарынынан озып түсті. Ал, екінші период қорытындысы бойынша 2 команданың есебі теңесті. Алайда, Павлодарлық қыздар үшінші ойында басым түсіп, жеңімпаз атанды.

Аружан Башынбай – жарысқа қатысушы:


– Жарысқа ұзақ әрі тыңғылықты дайындалдық.Ойын біз үшін әзірге ойдағыдай өтіп жатыр. Алматылық құрама осал емес, чемпиондық атақтары бар. Алайда, біздің тактикамыз мықты, сондықтан бүгін жеңістен дәмеліміз.

Ендігі кезекте, “Иртыш Казхром” теріскейлік волейболшы қыздармен кездесу өткізбек. Ал, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері 28 маусым күні анықталап, марапатталады.

Альмира Жетпісбайдың