Қоғам

“Мен қазақпын” мега жобасының жеңімпаздары анықталды

“Мен Қазақпын” жобасы дәстүрлі әншілер мен домбыраның құлағында ойнайтын 46 күйшінің басын қосты. Олардың тең жартысы іріктеуден өтіп, облыстық кезеңге жолдама алды. Байқауға 18 бен 40 жас аралығындағы өнер адамдары қатыса алды. Өзін көрсету үшін сайыскерлерге небары 5 минут уақыт берілді. Тағы туындылар қайталанбауы керек деген талап қойылған.

Сағындық Мауғазин, “Qyzyljar” арнасы директорының орынбасары:

– Бұл жоба осымен 2-ші жыл қатарынан өткізіліп отыр. Алдағы уақытта да қатысушылардың саны артып, бұл байқау келесі жылы да ұйымдастырлады дген ойдамын.

Облыстық кезеңнің нәтижесі бойынша күй аталымында – петропавлдық Бәйімбет Қайдулов, терме номинациясында – Мейрамгүл Здуалиева және дәстүрлі әнде Еркебұлан Қаріпов үздік деп танылды. Енді талант иелері республикалық кезеңде өңіріміздің намысын қорғайтын болады.

Бәйімбет Қайдулов – “Мен Қазақпын” мега жобасының жеңімпазы:

– Осы жылы жобаға қатысып, бағымды сынап көрдім. Жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Енді республикалық кезеңде де жоғары деңгейде өнер көрсетсем деймін.

“Мен Қазақпын” халықаралық жобасының жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен қатар, жылдың “Үздік күйшісі”, “Үздік термешісі” және “Дәстүрлі әннің үздік орындаушысы” номинацияларына ие болды.

Молдир Макишева