Құқық қорғау органдары

Қазақстан полициясына 26 жыл

Бұл жандар қоғамдық тәртіптің сақшылары. Олар күндіз-түні қалтқысыз қызмет етіп, ел арасындағы құқық бұзушылықтың орын алмауын қадағалайды. Сол себепті жауапты жұмыстың жүгін арқалаған мамандарға қандай құрмет көрсетсек те жарасымды. Төл мерекелеріне жиналған полицейлерді өңір басшысының атынан бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров құттықтап, қызметкерлердің ерен ерлігіне тоқталды.

Айдарбек Сапаров – СҚО әкімінің бірінші орынбасары:


– Тәуелсіздік жылдары ішкі істер органдарында 800-ден астам адам қаза тапты. 3 мыңнан астамы жарақат алды.

Бұдан соң, Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты жиын барысында бірқатар құқық қорғаушының еңбегі еленді. Оларға облыс әкімінің құрмет грамоталары мен алғыс хаттары табысталды. Кәсіби мереке күні қошеметке бөленгендердің арасында Шал ақын аудандық ішкі істер бөлімінің бастығы Қабидолла Нұрахметов те бар. Жерлесіміздің қарамағындағы қызметкерлердің жұмыс көрсеткіші облыста үздіктердің қатарында.

Қабидолла Нұрахметов – Шал ақын аудандық ІІБ бастығы:


– Қазіргі уақытта аудандағы қылмыс пен құқық бұзушылықтарды ашу көрсеткіші 90 пайыздан асады. Мұның бәрі жеке құрам қызметкерлерінің арқасы деп білемін. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты арттыратын боламыз.

Жиын саптық жүріспен жалғасты. Басты алаңда Қазақстан полициясының 26 жылдығына орай 26 топқа бөлінген мамандар жүріп өтті. Көшті ішкі істер органдарының ардагерлері бастады. Шен таққан азаматтармен қатар шараға нәзік жандылар, курсанттар мен сарбаздар да қатысты.

Ал, бұл Жастар сарайында ұйымастырылған салтанатты жиын. Мұнда да кәсіби мереке күні 100-ден астам полицей мен ардагер марапатталды. Оларға Ішкі істер министрінің атынан алғыс хаты мен төсбелгілер берілді.

Тағы, мамандардың бірсыпырасы ведомство бастығы Берік Біләловтың алғыс хатын алды. Сонымен қатар қызметте, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуде және қылмысқа қарсы күресте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін 3 полицейге кезекті шендері уақытынан бұрын табысталды. Жиында Тимирязев аудандық ІІБ бастығы Ерлік Есләмбеков подполковник атанды.

Ерлік Есләмбеков – Тимирязев аудандық ІІБ бастығы:


– Өте қуаныштымын. Уақытынан бұрын шен алып жатырм. 00:21 2004 жылдан бері ІІО қызмет етудемін
.

Кезекті шендерін тағы 13 полиция офицері алды. Шара соңы мерекелік концерпен аяқталды.

Култанов Байболат