Білім

Өзін-өзі тану пәнінің ұстаздары марапатталды

Мамыр айында мына өзін-өзі тану пәнінің ұстаздары облыстық қашықтық олимпиадаға қатысқан болатын. Олардың ішінен жеңіпаз атанғандар бүгін сахнаға шығып, жүлделерін алып жатыр. Марапатқа ие болғандардың арасында Нұргүл Рахметова да бар. Жерлесіміз байқауда “Бақыт деген не?” тақырыбында эссе жазыпты. Туындысында ол адам өміріндегі ең маңызды құндылықтарға тоқталған.

Нұргүл Рахметова – Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің педагог-психологы:


– Эссені жазар кезде көп ойландым. Шыныменде адам үшін бақыт деген не? Көптеген ғұламалардың кітаптарын оқыдым.

Жалпы өрлеу біліктілікті арттыру институтының ұйымдастыруымен өткен облыстық олимпиадаға өңіріміздің 180 мұғалімі қатысыпты. Соның ішіндегі 12-ісінің жұмыстары үздік деп танылған. Байқаудың бірінші турында ұстаздар теориялық тапсырманы орындаса, екіншісінде эссе жазды.

Айнагүл Альмишова – «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік бағдарламасының тренері:

– Олимпиада мамырдың 3-і басталған болатын. Жыл сайын формат ауысып отырады. Байқауға қала мұғалімдерімен қоса аудан ұстаздары да белсенді қатысты. Бұл олимпиада кәсіби тұрғыда жетілгісі келетін, жаңашыл, жан-жақты ұстаздарға арналған.

Айта кеткен жөн, өңірдегі өзін-өзі тану пәнінің ұстаздарына осыдан бір жыл бұрын 3 айлық курстар да ұйымдастырылған болатын.

Дана Ешкенова