Аптадағы маңызды жаңалықтар

Өңірге Омбы облысының делегациясы келді

Алдымен қонақтар «ТНС-Экспорт» ЖШС бас сұқты. Әлі күнге дейін бұл еліміздегі ең ірі элеваторлардың бірі болып саналады. Нысан 2014 жылы бой көтерген. Жалпы сыйымдылығы – 120 мың тоннаның құрайды. Бірегей астық қабылдау орны инновациялық технологиялармен жабдықталған. Сондықтан, мұндағы жұмыстың барлығы автоматты түрде жүзеге асады.

Владимир Авакян – «ТНС-Экспорт» ЖШС директорының орынбасары:


–  2017 жылы элеватор 67 мың тонна астықты қабылдады. Қазіргі уақытта нысан 30 пайызға толық. Дақылдарды қабылдап, кептіріп, сақтауға барлық жағдай жасалған. Бүгінде серіктестікте 30-ға жуық маман еңбек етеді. Орақ науқаны кезінде уақытша жұмысшыларды жалдаймыз.

Элеватор дәнді және майлы дақылдарды қабылдауға қауқарлы. Алдағы уақытта мұнда май экстрациялау зауыты да тұрғызылмақ. Осылайша, нысанда рапс, зығыр, күнбағысты сақталыпп қана қоймай, олардан май өндірілмек.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Бүгінде біз майлы дақылдарды егуге басымдық берудеміз. Себебі, бұл ауыл шаруашылығы саласындағы тиімді бағыттардың бірі. Алдағы уақытта майлы дақылдардың көлемін 1 млн. тоннаға дейін жеткізу жоспарда бар. Әзірге, өңірімізде өсірілетін барлық өнім Қытай еліне экспортталуда.

Тағы делегаттар өңірімізде шығарылатын ауыл шаруашылығы техникасымен де танысты. Мұнда өздерінің көліктерін Авагро, Казтехмаш, Петропавл трактор зауыттары қойған. Алдағы уақытта облысымызда немістік «класс» компаниясының машиналарын шығару жоспарда бар. Бұдан соң, делегация өкілдері «Масло-дел» серіктестігіне ат басын тіреді. Бүгінде бұл бренд күллі қазақстанға танымал. Өңіріміздің іргелі кәсіпорны сүт, айран, ірімшік, май сынды 30 түрлі тауарды өндірумен айналысады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


–  Біз өнімдердің сапасына баса назар аударамыз. Сүтті тауарлардың ешбіріне концентрат қосылмайды. 100 пайыз табиғи таза өнім.

Әзірге компания тауарларын тек Қазақстан бойынша саудалайды. Алдағы уақытта кәсіпорын өнімдерін жақын шетел нарығына шығармақ ниетте. Ал, Римказагро серіктестігі болса өз тауарларын еліміз бен Ресей тұрғындарына саудалап келеді. Аталған кәсіпорын “Радуга” ЖШС еншілесі. Алдағы уақытта бұл зауыт төңірегінде жеке индустриялық аймақ құрылады. Оған 14 жоба тартылмақ. Осылайша 300-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылады деп жоспарланған.

Дмитрий Шарапаев – «Радуга» ЖШС бас директоры:

 

– Кәсіпорын тез дайындалатын тағамдарды өндіреді. Біздің ел бойынша 11 филиалымыз бар. Бұған қоса өнімдеріміз Ресей Федерациясының Омбы, Челябі, Қорған және Новосібір қалаларында да сұранысқа ие.

Кейін меймандар Қазақстанның киелі жерлер картасына енген Абылай хан резиденциясы мұражай кешеніне бас сұқты. Нысан 2007 жылы ашылған болатын. Мұнда делегаттарға Қазақ халқының атақты тұлғалары жайлы айтылып, сол кезде орын алған оқиғалар сөз болды. Экскурсия соңында Омбы облысының губернаторы Александр Бурков меймандар кітабына игі тілегін жазды. Бұдан соң делегация қала тұрғындарымен бірге «Мәңгілік алау» ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Жиналғандар ҰОС басталуына 77 жыл толуына орай қан майданда бейбіт күнді жақындату үшін күш салған әрбір азаматты еске алып, рухына тағзым етті.

Сондай-ақ, Омбылық меймандар қазақ пен орыс мәдениеттерін жақындатқан Абай мен Пушкин ескерткішіне де гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Эльмира Садвокасова