Балалар

Петропавлда «EtnoFashion» ұлттық фестивалі өтті

Орталық алаңға жиналғандар үшін дастархан жайылып, жерлестеріміз қазақтың ұлттық тағамы – бауырсақ пен қымыздан дәм татты. Оған қоса ұлттық ойындар ойналып, көрме ұйымдастырылды. Сондай-ақ, қала тұрғындары жергілікті шығармашылық ұжымдарың өнерін тамашалады.

Қазір сахна төрінде “Томирис” сән театрының қатысушылары “Кең дала” атты ұлттық киім жинағын көрермендерге ұсынуда. Шығармашылық ұжым дәл осы сән үлгісін сәуір айында Мәскеу қаласында өткен Вячеслав Зайцевтың “Золотая игла” байқауында көрсетіп, үздік атаныпты.

Томирис Жангельдиева – “Томирис” сән театрының қатысушысы

– Бұл ұжымда бір жыл өнер көрсетудемін. Көбіне сән үлгілерін үлкен топ жасайды.

EtnoFashion фестивалі қаламызда алғаш рет өткізілуде. Мұндай шараны енді жыл сайын ұйымдастыру жоспарланып отыр.

Гүлдана Рысбаева – СҚО жастар саясаты мәселесі жөніндегі басқармасының бөлім басшысы:

– Аталған шараның мақсаты – қазақ мәдениеті мен ұлттық киім мен сәндік-қолданбалы бұйымдардың элементтері арқылы тарихтың жарқын беттерін көрсету.

EtnoFashion фестивалі барлығы 200-ге жуық жерлесіміздің басын қосты.

Дана  Ешкенова