Облыста қайырымдылық марафоны өтті

Спорт

14:18 18 Маусым 2018

Сенбі күні мемлекеттік қызметшілер костюмдерін спорттық киімдерге алмастырып, Ағынтай мен Қарасай батырлардың ескерткіші маңына жиналды. Бәрі қайырымдылық марафонына қатысу үшін келген. Аталмыш шара бір мезетте облыс және аудан орталықтарында бастау алды. Ерлер – 2 жарым, нәзікжандылар 1 жарым шақырымға жүгірді. Қайырымдылық марафонына белсенді қатысқандардың бірі – Әділхан Қошеғалдин. Ол мұқтаждарға қол ұшын беруге әркез даярмын дейді.

Әділхан Қошеғалдин – Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті СҚО аумақтық инспекциясының бас маманы:


– Ауыратын науқас балаларға көмектесу керек деп ойлаймын. Қазіргі таңда неше түрлі аурулар шығып жатыр. *34 қайырымдылық марафонына қуана келдім. Ел қатарлы көмектескен дұрыс.

Ұйымдастырушылардың мәліметінше, қайырымдылық марафонына Петропавл қаласы бойынша шамамен мыңға жуық адам қатысқан.

Жанат Жұмабаев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басшысының уақытша міндетін атқарушы:

– Марафоннан түскен ақшаны Аружан Саин жетекшілік ететін “Үй” қайырымдылық қорына аударамыз. Шараға қатысқандар жарнаның көлемін өздері айқындайды. Түскен қаражат шетелде емделетін қазақстандық балаларға жұмсалады.

Осы шараға Қайрат Канафин, Жанат Жақиянов, Олег Сысолятин сынды танымал спортшылар да атсалысты.

Олег Сысолятин – марафонға қатысушы, жеңіл атлетикадан ҚР спорт шебері:

– Осындай игі шараға қатысу – азаматтық парыз деп санаймын. Қолдан келгенше көмегімді аямаймын. Балалар ауырмасын.


Қайырымдылық марафонына атсалысқандарға шара соңында сертификат үлестірілді.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

“Qulager” ХК көкшетаулық «Арлан» командасын тізе бүктірді
“Qulager” сырт алаңда “Астана” хоккейшілерін ойсыратты
“Qyzyljar” ФК бас жаттықтырушысын таныстырды
Аманғали Бекболатов – гран-при турнирінің чемпионы
«Qulager» құрамасының 2020 жылдағы алғашқы жеңісі
Спортшылардың еңбегі еленді
Жас зілтеміршілеріміз жарады
Шаһарда спорттық акробатикадан халықаралық жарыс өтуде
Ташкенттегі екінші жеңіс
«Qulager» құрамасы “Ақтөбе” ХК-дан ұтылып қалды
“Құлагер” ХК көкшетаулық “Арланды” жеңді
Волейболдан жасөспірім қыздар арасында қысқы чемпионат өтуде