МТРА жаңалықтары

Мемлекеттік қызметшілер табиғат аясында бас қосты

Әдетте мемлекеттік қызметшілер кеңседе кездесу өткізетін. Бүгін қалыптасқан қағида өзгеріске ұшырады. Жас мамандар бөлмеде емес, табиғат аясында бас қосты. Ұйымдастырылған жиын да баяндамадан емес, көңілді ойыннан басталды. Қызықты шара барысында жиналғандар күнделікті жұмыс жайын сөз етіп, тәжірибе алмасып жатыр. Әсіресе, жиналғандар Елбасының Ұлт жоспарының мемлекеттік кқызметке арналған 15 қадамын талқылады.

Рамиль Бахриразиев – ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі СҚО бойынша департаменті басқармасының басшысы:


–  Елбасының “100 нақты қадам” Ұлт жоспарында кәсіби мемлекеттік аппарат құру жайлы айтылған. Осының аясында елімізде жаңа этикалық ережелер енгізілді, мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданды. Бұнын бәрін бүгінгі кездесу барысында талқылайтын боламыз. Тағы, Президент қызметті төменгі лауазымнан бастау, жұмысқа іріктеуден өту арқылу тұру сынды тапсырмалар жүктеді.

Бұл айтылғандарды шараға қатысушы Асхат Сәрсембаев жақсы біледі. Азамат Ақжар ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша бас маманы қызметін атқарып жүр. Еңбек өтілі – 5 жыл. Дегенмен, жерлесіміз үйренерім әлі көп дейді. Сол себепті, әріптестерімен кездесіп, тәжірибе алмасуға келіпті.

Асхат Сәрсенбаев – Ақжар ауданы әкімі аппаратының әлеуметтік сала бойынша бас маманы:

– Әріптестерімізбен тамаша кездесу өтіп жатыр. Бүгінгі шарада мемлекеттік қызмет жайын әңгімелеп, өз ұсыныстарымызды білдіріп жатқан жайымыз бар.

Айта кетейік, “Мемлекеттік қызметті өзгерткен 15 қадам” атты жиынға өңіріміздің түкпір-түкпірінен жиылған 30-дан аса маман қатысты.


 

Байболат  Култанов