“Мен Чемпион!” телевизиялық жобасының облыстық кезеңі аяқталды

Спорт

12:42 15 Маусым 2018

Биыл “Мен чемпион” балалар спорттық ойынынының 6-шы маусымы ұйымдастырылды. Аталмыш дода – жоба авторы Евгений Сазановтың бастамасымен қолға алынған. Телевизиялық жоба 2000-шы жылдары өмірге келіп, кейін түрлі себептермен тоқтап қалған. Дегенмен, жеткіншектердің сүйікті ойыны көп ұзамай ортамызға қайта оралды. Евгений Сазанов, балалар спорттық ойынының жыл санап қарқын алып келе жатқандығының бірден бір себебі – оған мектеп жасындағы оқушылардың қызығушылығының жоғары болуында, – дейді.

Евгений Сазанов – “Мен чемпион” балалар спорттық ойынының жоба авторы:

– Бүгін біздер кезекті рет балалар спорттық ойынының түсірілімін аяқтадық. Өңірлік телебағдарламаның елімізде баламасы жоқ, ешбір отандық телеарна дәл осындай жарысты қолға алған емес. Оның үстіне телевизиялық жоба “Хабар” арнасында көрсетіліп келеді. Бағдарламаның жыл санап ауқымы кеңеюде.

2014-2015 жылдары ойындарға ел бойынша 7 мың балғын қатысса, өткен жылы жігерлі жеткіншектердің қатары 300 мыңға жетіпті. Ал биыл телевизиялық жоба жарты млн-дай қазақстандық спорт сүйер балақайдың басын бір алаңда тоғыстырды. Өткен жылы республикалық сында бас жүлде, жылжымалы кубокты – Қызылорда қаласынан келген құрама қанжығалаған.

Қанат Сәдуақас – СҚО бiлiм басқармасы спорт, дене шынықтыру және АӘД өңiрлiк оқу-әдiстемелiк орталығының директоры:

– “Мен чемпион” бір күндік жарыс емес. Ол оқу жылы бойына өтеді. Оқушылар күзгі ойындарда бақталастырады. Мысалға, мектепішілік жарысқа биыл 11 мың оқушы қатысты. Аудандық іріктеуге 1250 оқушы қатысты. 01-40 Құрамалардың 70 пайызы өткен жылдардағы осы облыстық кезеңге қатысқан жандар. Ол қазір облыс мектептерінде осы бағыттағы жұмыстардың жақсы жүріп жатқандығын білдіреді. Олардың дайындығы жақсы.

Телевизиялық бағдарламаның биылғы облыстық кезеңі әдеттегідей қызық-қуанышқа толы болды. Осы жылы өңірлік дода облыс аудандары мен шаһар мектептерінен суырылып шыққан 192 жеткіншектің басын бір жерде қосты. Жалпы саны 16 құрама 4 күн бойына республикалық турда өлке намысын қорғайтын лайықты команданы анықтауға күш салды. Осылайша, ұйымшылдығы мен жеңіске деген талпынысы биік команда өңірлік кезеңде қарсыластарын қапы қалдырып, жеңісті суырып алды. Ал балалардың сүйікті жарысына айналған спорттық ойынының республикалық жарысын өткізу алдағы күз айларына жоспарланып отыр.

Бахыт Садвокасов

Бұдан әрі оқыңыз

Петропавлда қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионаты өтті
«Qulager» хоккейшілері өскемендік «Altai Torpedo» құрамасына есе жіберіп алды
Палуандар жеке жаттығу базасына ие болды
Тартысты матч тең аяқталды
Қарымта кездесуде құлагерліктер “Altai Torpedo”-дан жеңіліс тапты
“Құлагер” ХК “Ақтөбе” құрамасынан минималдық есепте басым түсті
Али Алиев маусымның үздік жаттықтырушысы деп танылды
Көркем гимнастшылар сынға түсті
Аға буын өкілдері мен мектеп оқушылары шахмат ойнады
Конькимен жүгіруші Роман Креч үздіктер қатарынан көрінді
Жерлес футболшылар чемпион атанды
Киокушинкай каратеден қала әкімінің кубогі өтті