Спорт

Есірткіге қарсы күрес шаралары жалғасуда

Рингке шығардың алдында денені қыздырып алған дұрыс. Бұл қолғап түйістіретіндерге қойылатын алғашқы шарт.

Балалар әлем чемпионы Жанат Жақияновтың әр қимылын қайталап жатыр. Бұл залда кәсіпқой боксшыға еліктейтіндер көп. Алмас Дәуменов те Жанат Жақиянов, Қанат Ислам сынды кәсіпқойларға қарап, кішкентайынан осы спорт түріне ден қойған. Жеткіншек салауаты өмір салтын ұстанады. Есірткі мен шылым сынды жаман әдеттерден аулақпын дейді.

Алмас Дәуменов:
– Бокспен 3 жыл айналысып жүрмін. Маған ұнайды. Мен бос уақытымды осында өткіземін.

Өскелең ұрпақты есірткіден аулақ ұстау – баршаға ортақ міндет. Дегемен, бүгінде облыстық наркологиялық диспансерде 4 жасөспірім есепте тұр.

Жандос Басыбаев – СҚО ІІД Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы :

– Бүгінде спайс есірткілері интернет арқылы жарнамаланып, таратылады. Өкінішке қарай, химиялық зат балалар үшін де қолжетімді болып тұр. Жыл басынан бері 3 жасөспірім спайсты шамадан тыс қолданып, уланып қала жаздады. Біз осындай фактілерді алдын-алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі жүргізудеміз.

Есірткімен сауда көрігін қыздырып отырғандар ешкімді аямайды. Олар биыл спайсты Петропавлдың 12 жастағы тұрғынына да сатқан.

Берік Қасен