МТРА жаңалықтары

Сарбаздарды шығарып салу рәсімі өтті

Мына залға жиылған жігіттер осыдан бір жыл бұрын әскер қатарына еліміздің әр өңірінен шақырылып, енді міне, сол міндетті абыроймен атқарып шыққан. Сарбаз атанғандардың бірі – Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы Жанболат Якупов. Бозбала мектепті бітірген соң бірден отан алдындағы борышын өтеуге ниет білдірген. Мерзімді әскери қызметтің қыр-сырын меңгерген Жанболат болашағын құқық қорғау саласымен байланыстыруды жоспарлап отыр.

Жанболат Якупов – ҚР Ұлттық Ұланы 6637 әскери бөлімінің сарбазы:


– Болашақта Қарағандыдағы ІІМ академиясына түсуді жоспарлаудамын. Офицер болып шығып, полиция қызметкері аттанбақпын.

Бұл жолы 6637 әскери бөлімінде 200-ден астам сарбаз Отан алдыңдағы борышын өтеп шықты. Олар негізінен, осы әскери құрылымда қоғамның тыныштығын қамтамасыз етіп, мемлекеттік маңызды нысандарды күзетуге ат салысқан.

Кенжеболат Балтабаев – ҚР Ұлттық Ұланы 6637 әскери бөлімі командирінің оырынбасары:


– Ел алдындағы борышын өтеп шыққан жігіттер Шымкент, Өскемен, Қостанай және Павлодар өңірлерінен шақырылған болатын. Жігіттердің біразы өмірлерін әскери саламен байланыстыру үшін ықылас танытуда. 10 шақты азамат әскери бөлімшеде қызмет ету үшін келісім шарт жасаса, бесеуі Әскери Институтқа оқуға түспек ниетте.

Қазір аталмыш әскери бөлімге келетін сарбаздардың келесі легін өзге өңірдегі қорғаныс істері жөніндегі департаменттер іріктеп жатыр. Олар шілде айында әскер қатарына алынады.

Тогжан Акмагамбетова