Спорт

“Мен-чемпион” ойынының түсірілімі аяқталды

“Мен-чемпион” – бұл жай ғана ойын емес. Соңы 3 жылдың ішінде ол – балалар мен жасөспірімдердің республикалық спорттық қозғалысына айналып үлгерді. Сондықтан, жобаға қатысуды армандайтын балақайлар көп. Әзірге, олар ойынды тек трибунадан тамашалауда.

– Бұл ойынды мен қыызықтап көремін. Мұнда бәрі керемет.


– Менің қатысқым келеді. Бірақ, алдымен сәл өсу керек.

Ал, арманы орындалып, жарыс алаңына шыққан жеткіншектердің эмоцияларын сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Мұнда өкініштің көз жасы да, қуаныштың күлкісі де бар. Әр сын әр құрама үшін, оның әрбір мүшесі үшін маңызды.

Илья Кузьмин – “Мен-чемпион” балалар спорттық ойынының қатысушысы:


– Мен-чемпион” ойыны бізге қатты ұнады. Команданың көңілі көтеріңкі. Келесі жылы тағы да қатысамыз.

Бүгін бейсенбі – түсірілім жұмыстарының соңғы күні. Қазір камералардың назарында – ақырғы, финалдық ойын. 16 құраманың ішінен суырылып шыққан екеуі республикалық кезеңге жолдаманы сарапқа салуда.

Михаил Казначеев – тәжірибелі видеоператор. Жобаға осымен үшінші жыл атсалысуда.

Михаил Казаначеев – оператор:


– Балалардың қызу тартысын көріп, камера назарына алған соң өзің де ойынның атмосферасына беріліп кетесің. Кәдімгідей шабытың оянады. “Мен чемпион” жобасы әрі қарай дамыса деймін. Мұндай игі шара қоғамға қажет.

Ел бойынша 500 мыңға жуық жеткіншектің басын біріктірген бұл спорттық қозғалыстың әрі қарай дамығанын түсірілім тобы да, жеткіншектер де қалайды. “Мен-чемпион” жобасы халықаралық статус алса дейді.

Саят Ермек – тілші:


– 4 күндік жұмыс 16 бірдей ойын артта. “Мен-чемпион” балалар спорттық ойынының түсірілімі тәмам. жеңімпаз да анықталды. Бірақ оның есімі әзірге құпия.

Кімнің чемпион болғанын көрермен қыркүйек айында “Хабар” арнасының эфирінен тамашалай алады.

Саят Ермек