Мәдениет

Облыстық кітапхананың кітап қоры толықты

Көрмеге қазақ, орыс, ағылшын тілінде басылған жүздеген кітап шығарылыпты. Қала тұрғындары сиясы кеппеген бұл әдебиеттерді бүгіннен бастап оқи алады. Қазір кітапхана қорын жақында ғана толықтырған туындыларымен №1 түзету мектеп-интернатының балғындары танысып жатыр. Мәселен, 7 жасар Виктор Еткенің назары Елбасы Н.Назарбаев бейнеленген әдебиеттерге түскен. Өйткені, Ұлт көшбасшысының бейнесі балғынға кішкентайынан таныс.

Эльмира Сәдуақасова – тілші:


– Әр адам талғамы әр түрлі. Біре детектив, бірі психологияны оқимын десе, енді бірі классикалық туындыларға ден қояды. Бұл ретте С.Мұқанов атындағы облыстық әмбебап-ғылыми кітапханасы әр оқырманына қызықты болатын кітаптарды табуға тырысады екен.

Егер, сүйікті авторыңыздың қандайда бір туындысын таппасаңыз, ол жайлы әдеби ошақ мамандарына айтуға болады. Қызметкерлер кітапқа түсетін сұраныс бойынша, оған тапсырыс беруі мүмкін. Осы жолы да мамандар оқырман тілегін орындапты. Ал, мына жақтағы туындылар ұлттық сананы арттыруға бағытталған.

Дамира Серікбаева – С.Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының кітапханашысы:


– Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында түскен кітаптар көп. Олардың ішінде өңірлік қасиетте жерлер мен Қазақстанның қасиетті жерлері туралы жазылған әдебиеттер де бар. Үш тілде жарық көрген.

Бұндай көрмелерді кітапхана қызметкерлері оқырмандарына арнап әр тоқсан сайын өткізеді екен. Жалпы, жылына әдеби ошақ 8 мыңға жуық жаңа кітаппен толығады.

Эльмира Сәдуақасова