Мәдениет

Игібай Әлібаевқа арналған әдеби кеш өтті

Игібай Әлібаев – қазақ әдебитетінде өшпес із қалдырған қаламгерлердің бірі. Ол Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданына қарасты Айтуар ауылында дүниеге келген. Соғысқа қатысып, елге оралған жан көп ұзамай түрлі тақырыптарда өлең шумақтарын жаза бастайды. Ақын көбіне туған жер тақырыбында қалам тербеген. Осылайша, 1974 жылы алғашқы әрі көзі тірісіндегі жалғыз “Айтуар” өлең жинағы жарыққа шығады.

Жангелді Тажин – «Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы» ҚБ төрағасы:


– Игібай Әлібаев менің әкемнің замандасы болған. Біздің үйге де қонаққа жиі келіп тұратын. Тіпті, кішкентай кезімде ақын маған өз домбырасын да сыйлаған. Содан болар мен де домбырыны өміріме серік еттім.

Бүгін оқырмандар ақынның өнегелі өмірімімен, шығармашылығымен жан-жақты таныса алды. Шараға ат салысқандардың бірі дара тұлғаның шығармашылық жолын баяндаса, басқалары әншілігі, өнерпаздығы жайлы сөз етті.
Бұдан бөлек, әдеби кешке ұлы азаматтың келіні Баян Әлібаева мен немере-шөберелері де келген. Ақынның балдызы Шаншар Жекеев дарынды тұлғаға арнап “сегіз қырлы сері” атты кітап шығарған екен.

Шаншар Жекеев – ақынның балдызы, зейнеткер:


– Қайролла Мұқанов ағамыз ақынның бұрын жазылып, бірақ жарыққа шықпаған еңбектерін жинап, баспаға дайындап қойды. Енді біз сол жинақтарды кітап қылып шығаруды жоспарлап отырмыз. Сонымен қоса, қаламгердің 110 жылдығына орай мен “Сегіз қырлы сері” деген атпен Игібай Әлібаевқа арнап кітап шығардым.

Жиын соңында қаламы ұшқыр азаматтың өлеңдері оқылып, әуелеген ән де шырқалды.

Альмира Жетписбай