МТРА жаңалықтары

Әдеп жөніндегі уәкілдер үшін оқыту курстары бастау алды

Залға жиылғандардың барлығы жуырда ғана тағыйындалған әдеп жөніндегі уәкілдер. Өңірде олардың саны – 50. Аудандарда бұл қызметті негізгі жұмысымен қатар әкімдердің орынбасарлары алып жүр. Сондайлардың бірі – Үмітжан Нұртазина.

Үмітжан Нұртазина – Тимирязев ауданының әдеп жөніндегі уәкілі6


– Әрине жұмыс барысында түрлі жағдайларға тап боласың. Даулы мәселелер де болып тұрады. Бірақ оларды уақытылы әрі дұрыс шеше білу – біздің міндетіміз болмақ. Сондықтан артылар жүктің салмағы ауыр. Дегенмен өз жұмысымызда заңнамаға, нормативтік-құқықтық актілерге жүгініп, проблемаларды бір жақты етпекпіз.

Жұмыс барысында болатын кикілжіңдерді қалай шешу керектігін әдеп жөніндегі уәкілдерге арнайы курс барысында лекторлар айтуда. Айта кетейік, оқу 3 күнге жалғаспақ.

Лаура Қайыржанова – ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару Академиясының СҚО бойынша филиалы директорының міндетін атқарушы:

– Оқу шаралары 2 кезең бойынша жүргізіледі. Ең алдымен әдеп жөнідегі уәкілдерді күйзеліске төзімді болуға үйретеміз. Тағы қарым-қатынас психологиясын зерттеп, даулы жағдайлар туындағанда қалай әрекет ету керектігін айтамыз. Ал курстардың келесі кезеңі жылдың екінші жартысына жоспарланған. Сол кезде біздер оларға ораторлық шеберлікті үйретіп, медиация жайлы сөз қозғаймыз.

Айта кетейік, елімізде мұндай тегін курстар әдеп жөнідегі уәкілдер үшін тұңғыш рет өткізілуде. Өңіріміз де оны алғашқылардың бірі болып бастаған.

Магжан Ахмадина