Мәдениет

Теріскейлік би ансамбілі халықаралық фестивальден жеңіспен оралды

Мына қыздар қаңтар айынан талмай еңбек еткен. Тынымсыз дайындықтың нәтижесінде олар байқауда 500-ге жуық бишінің арасынан суырылып шығып, үздік атанды. Кіші, орта және ересек құрам болып барған жас өнерпаздар 3 гран при, 1-ші және 2-ші орындардан тағы қос-қостан жүлде әкелген.

Татьяна Кравченко – “Арабеск” би ансамбілінің жетекшісі:

– “Күншуақ” байқауы мауысымның 3-інде Алматы қаласында өтті. Біз фестивальге жарты жыл көлемінде дайындалдық. Қыздардың барлығы жоғары деңгейде өнер көрсетті. Себебі, олардың дені бимен 5-6 жыл айналысады. Біздің эстарадалық билеріміз үздік, әрі ерекше деп танылды.

“Күншуақ” фестивалі ән және би бағыты бойынша өткен. Байқауда еліміздің өнерпаздарымен қатар, Ресей, Қырғызстан және Өзбекстанның бишілері де бақтарын сынады. Теріскейлік ұжымның әр тобы 4 туындыдан дайындап апарған. Олардың барлығы – эстрадалық үлгідегі билер.

Виолетта Крутикова:


– Жеңісімізге өте қуаныштымыз. Сахнада гран при иегерлері “Арабеск” би ансамбьлі дегенді естігенде, толқып кеттік, тіпті көзімізге жас та алдық. Біз билегенді ұнатамыз. Сондықтан байқауда бар жанымызды салып биледік.

Аружан Жолболды:


– Біз сайысқа ұзақ дайындалдық. Жүлделі орындарға ие болғанымыз үшін өте қуаныштымын. Басқа бишілер де жақсы өнер кқөрсетті.

Жалпы қазіргі таңда “Арабеск” би ансамбілінің құрамында 100-ден астам биші бар. Топта 3-тен 15 жасқа дейінгі қыздар өнер көрсетеді. Айта кеткен жөн, биыл шығармашылық ұжымның құрылғанына 15 жыл толып отыр.

Молдир Макишева