Аптадағы маңызды жаңалықтар

Саумалкөлге электр пойызы қатынай бастады

Жергілікті атқарушы органдар өңірдің туристік әлеуетін арттыру бағытында біраз шаруа атқаруда. Демалыс орындарына жеңіл көлікпен баратындардың ыңғайлылығы үшін күре жолдарды жөнделіп жатыр. Енді міне, жолаушылар пойызының жаңа бағытын ашып жатыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақаловтың бас болуымен маусымның 8-інен Астанадан “Володарское” станциясына дейін электр пойызы қатынай бастады. Алғашқы жолаушыларды тұрғындар салтанаты түрде қарсы алды.

Астанадан Айыртау ауданына темір жол көлігімен келгендердің бірі – Алмат Сейдахметов. Жолаушы небары 1 900 теңге төлеп, 1 класстағы вагонмен үйіне жетті. Елордалық туристер оңайлықпен бізге келсе, маған да бас қалаға іс-сапарларға барып-тұру біраз жеңілдемек дейді мемлекеттік қызметші.

Алмат Сейдахметов – Саумалкөл ауылының тұрғыны, Айыртау ауданы:


– Орындықтары ыңғайлы, ауа баптағыштары, Wi-Fi роутерлер қосылған. Жолсеріктердің жолаушыларға көрсететін қызметі сапалы. Мұнда жүрек жалғап алуға болады. Асханасы бар.

“Володарское” станциясына тоқтайтын пойыздар аз емес. Бірақ олардың барлығы түнгі уақытта өтеді екен. Бұл тұрғындарға ыңғайсыздық тудырып келген.

– Күндізжүргені бізге ыңғайлы. Бұрынғыдай түнгі үш, төрт кезінде барып, барлық мекемелер ашылғанша тосып отырмаймыз.

Светлана Самороко – Саумалкөл ауылының тұрғыны, Айыртау ауданы:


– Ауданға туристер көп келеді. Шетелдіктерге көрсететін Шалқар, Имантау сынды көлдеріміз бен тарихи орындар жетерлік. Мысалы, қонақтарға Қарасай мен Ағынтай батырлардың мемориалдық кешенін, Ботай, Айғаным қоныстарын көрсетуге болады. Шетелдерден туыстарым да жиі келіп тұрады. Енді олар біздің өлкеге электр пойызымен қатынай алады.

Электр пойызына 6 вагон тіркелген. Жайлылық деңгейі жоғары көлікте аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері қатынауға болады.

Алмас Кенжекеев – «ҚТЖ-Жолаушылар тасымалы» АҚ Ақмола бөлімшесі “Володарское” станциясының жетекшісі:


– Алдағы уақытта осы пойыз түріне сұраныс артып жатса, күн сайын жүретін болады. 6 вагоннан жасақталған көлікте барлығы 376 орын бар. Жолаушылар Астана мен Саумалкөлдің арасында 5 жарым сағат жүреді. Астанадан «Володарское» станциясына дейін 1 класстағы вагондар – 1943 теңге, 2-класс – 1810 теңге, 3-класс -1504 теңге тұрады. Ал Көкшетау мен “Володарское” станциясының арасында жол жүру ақысы 600-700 теңгенің маңайында.

Тұрғындар бұл бағыт дәл уақытында ашылды дейді. Себебі жаз мезгілінде Айыртау ауданы мен Астана қаласына қонаққа баратындар және келетіндер көп.

Алевтина Савченко – Саумалкөл ауылының тұрғыны, Айыртау ауданы:


– Енді Астана, Көкшетау қалаларына немерелеріме жиі қонаққа барып тұратын болдым. Маған Ресейден туыстарым келіп тұрады. Соларды да Астанаға апарамын. Бағасы қымбат емес. Көкшетауға бару үшін таксиге – 2000 теңге төлейтінмін. Ал пойыздың бағасы небары 700 теңге екен. Жүру кестесі де халыққа ыңғайлы етіліп жасалған. Қарапайым тұрғындардың қамын ойлап жатқан облыс әкіміне алғысымды айтамын.

Электр пойызы “Володарское” станциясын 13-35 келіп тоқтайды. Күндізгі сағат 4-те Астанаға қайтады. Алдағы уақытта осы көлік түріне сұраныс артып жатса, вагондар саны да көбейтілмекші.

Берік Қасен