Спорт

“Мен чемпионмын” спорттық ойындарының түсірілімі басталды

Саят Ермек – тілші:


– “Мен-чемпион” балалар спорттық ойынының 6-шы маусымы бүгін басталды. Бұл-облыстық кезең. Қазір алаңда 60-қа жуық адам мен 10-нан астам камера жұмыс істеуде. Бірнеше сәттен соң үшінші ойын бастау алады. Онда “Арыстан” және “Метеоры” командалары сынға түспек.

Қос құрама – ортада, қызу тартыс басталды. Жалпы бір ойын 5 бірдей сайыстан тұрады. Арасында эстафеталар, көпсайыс, капитандардың текетіресі де бар. Өзара сынға түскен “Арыстандардың” да, “Метеорлардың” да дайындықтары мықты, екеуі де жеңістен үмітті.

Дана Ахметова – “Метеоры” құрамасының мүшесі, Аққайың ауданы:


– Өткен маусымда алғашқы ойында жеңіліс тауып, ары қарай өте алмадық. Ал, бұл жолғы жарысқа күнде дайындалып, қателіктерімізді түзеттік. Сондықтан, жеңіс біздікі болады!

“Мен-чемпион” балалар спорттық ойынының облыстық кезеңіне 16 құрама қатысуда. 13-і аудандардан келген, қалаған үшеуі -петропавлдық. Ақтық сында топ жарған команда республикалық кезеңге жолдама алады.

Мейрамбек Утенов – төреші:


– Жеңімпаз команда олимпиадалық жүйе бойынша анықталады. Жарыс 4 күннен тұрады. Әр күнге 4 ойыннан қарастырылған. Финалдық ойын бейсенбі күні өтеді.

Жалпы, жобаның түсірілімі 4 күнге жалғаспақ. Осынша уақыт ішінде 16 ойын түсіріледі. Алтыншы маусымды орыс тілінде – Максим Касперович, ал мемлекеттік тілде “Хабар” арнасының тілшісі Риат Шони жүргізуде.

Риат Шони – жоба жүргізушісі:


– Мен бұл жобаны алғашқы рет жүргізіп тұрмын. Өтке еремет ойын. Өздеріңіз көріп тұрсыздар – балалар жан алысып, жан берісіп жатыр. “Мен-чемпионды” көріңіздер!

Жүргізушілерден бөлек түсірілім алаңында операторлар, режиссерлер, реквизиттерді ауыстырып отыратын көмекшілер мен трибунадағы қалың жұртттың делебесін қоздырар черлидерлерден құралған үлкен команда еңбек етіп жатыр. Дәл осы спорттық ойынға тән көңіл күй мен атмосфераны олар барынша жеткізуге тырысып бағуда. Жоба авторы Евгений Сазановтың сөзінше “Мен-чемпион” ойындары – балғындарды спортқа баулитын бірден-бір сайыс.

Евгений Сазанов – жоба авторы:


– Бүгінде жоба балардың республикалық спорттық қозғалысына айналды. 12 мен 14 жастағы балғындардың бұл – сүйікті ойыны. Оқушылар біздің сайтымызға да, әлеуметтік желілердегі парақшаларымызда үнемі жазбаларын қалдырып, жаңа маусымның қашан басталатынын сұрап жатады. Билік тарапынан қолдау бар. Сондай-ақ, ерекше алғысымды облыстық ІІД бастығы Берік Біләловке білдіргім келеді.

“Мен-чемпионмын” балалар спорттық ойынының алғашқы бөлімі республикалық “Хабар” телеарнасының эфирінде қыркүйектің бірінен бастап көрсетілмек.

Саят Ермек