Денсаулық сақтау

Медициналық қызметкерлер арасында жарыс өтті

Мына жерде Мамлют және Ғ.Мүсірепов орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері тоғыз құмалақ ойынынан сынға түсуде. Мамлют ауданының намысын қорғауға келген Алмагүл Қанғожина ақыл-ой спорты адамнан шыдамдылықты, салқын қандылықты, терең және логикалық ойлауды қажет етеді дейді. Сондықтан, әр қадамын аңдап басып отыр.

Алмагүл Қанғожина – Мамлют орталық аудандық ауруханасының қызметкері:


– Бұл спортпен айналысып жүргеніме 2 жыл болды. Былтырғы медициналық қызметкерлер спартакиадасында ойнадық 2-3 рет. Ұттық. Биыл 2-ші мәрте қатысып отырмын. Жеңіске жетемін деген ойдамын.

Бұдан бөлек, денсаулық сақтау жүйесінің мамандары волейбол, футбол, 100 метрлік қашықтыққа жүгіру және армрестлингтен ең мықтыны анықтап жатыр.

Жалпы бұл жарысқа өңіріміздің әр ауданы мен Петропавл қаласынан 400-ге жуық медицина саласының қызметкерлері жиылған.

Тимур Сұлтанғазиев – СҚО денсаулық сақтау басқармасының басшысы:


– Бүгінгі финалға ең мықты спортшылар шығып отыр. Байрақты бәсекені ұйымдастырып отырғанымыздың басты мақсаты – спорттың маңыздылыңын көтеру. Түрлі спорт түрлерін қолдау болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, адамның денсаулығы 10 пайызға ғана дәрігерлерге байланысты. Ал, қалған 90-ы салауатты өмір салтына байланысты.

Дәстүрлі сайыс халықаралық медицина саласының қызметкерлері күніне орай ұйымдастырылуда. Айта кетсек, бүгінде өңіріміздегі 23 аурухана мен емханаларда 1500 ақ халатты абзал жан мен 5140 медбике еңбектенеді.

Тогжан Акмагамбетова