МТРА жаңалықтары

Теріскейде кезекті контрафактілік тауарлар жойылды

Шампан, сыра, арақ. Барлығы – 52 мың шөлмек. Олардың басым бөлігі Қазақстан мен Ресей шекарасынан заңсыз өткізбекші болғандардан, ал кейбірі, тіпті, дүкен сөрелерінен сот шешімі бойынша тәркіленіп алыныпты.
Мына жерде акциздік маркасы жоқ темекілердің 3 мың 300 қорабы жеткізілген. Оның барлығы бүгін отқа тасталды.

Аман Төрегелдин – СҚО мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің басшысы:


– Өткен жылдары осындай жұмыстарға 300 мың теңге қаражат кететін.

Тәркіленіп алынған алкогольдік өнімдер бұрынғыдай техникамен жаншылмайды. Ішіндегісі кәріздік коллекторға құйылып, шынысын “Вторсырье” серіктестігі қайта өңдеуге жөнелтеді.

Қайыржан Айсин – “Вторсырье” ЖШС директоры:


– Бүгінгі бөтелкелерді қайта өңдеуге Алматы қаласына жібереміз. Шынылар балқытылып, қайтадан жаңа құтылар жасап шығарылады.

Осымен Петропавлда жыл басынан бері контрафактілік өнімдерді жою жұмыстары екінші рет жүргізіліп отыр.

 

Дана Ешкенова