Құқық қорғау органдары

Полицейлер зейнеткерді тонап кеткен ұрыны қолға түсірді

Бұзақыны жедел уәкілдер кешқұрым қолға түсіреді. Ұсталған 54 жастағы нәзікжанды қолды қылған 40 мың теңгенің тең жартысын жұмсап қойыпты. Ал, қалғаны тәркіленіп алынған. Ұрының бұрын да осыған ұқсас қылмыс жасағандығы анықталып отыр. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Дания Садуова – Петропавл қалалық ІІБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі:

– Жедел-іздестіру әрекеттері арқасында Мамлют ауданының тұрғыны ұсталды. Қазір ол уақытша ұстау абақтысына тоғытылды.

Енді заңбұзушы ҚР ҚК 191-ші бабы 2 тармағына сәйкес 3-тен 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Бахыт Садвокасов