Мәдениет

Астаналық филармония әртістері өнер көрсетті

Залға жиналған көрерменнің қарасы қалың. Барлығы астаналық әртістер мен бишілердің өнерін тамашалауға асық. Концерт көп күттірмей басталып кетті. Сахна шымылдығын Астананың мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі әншісі Жақсыкелді Маясаров ашып берді.

Жақсыкелді Маясаров қалықтатқан ән – Әсет Найманбаевтың “Қоңыр қазы”. Бүгінде ол ұлттық өнерімізді ұлықтап жүрген дәстүрлі әншілердің бірі. Өмірінің басым бөлігін халық әндерін орындауға арнаған ол жақында халықаралық “Шабыт” фестивалінің бас жүлдегері атаныпты.

Жақсыкелді Маясаров – Астана қаласы Мемлекеттік академиялық филармониясының дәстүрлі әншісі:

– Мен атақты халық әншісі, ақыны болған Маясар Жапақовтың шөбересі боламын. Соның жолын қуып, өмірімді өнер саласын арнадым. Көбіне халық әндерін орындаймын.

Барлығы Петропавлға мемлекеттік академиялық филармониядан гастрольдік сапармен 70-ке жуық күміс көмей әнші мен мың бұралған биші келді.

Нарима Мұхамбеталина – Астана қаласы мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары:

– Астана қаласының 20 жылдығына орай Қазақстанның әр өңірін аралап жүрмыз. Орал, Атырау, Ақтау жне тағы басқа қалаларда болдық.

– Осындай концертке келгеніме өте қуаныштымын. Жақсы әсер алдым.

 


– Әртістер тамаша өнер көрсетті. Барлығы жоғары деңгейде өтті. Әсіресе, “Шалқыма” би ансамбілінің өнер көрсеткені ұнады.

Теріскейліктерді қуантқан шығармашылық ұжым енді өз өнерін Қостанай қаласына көрсетпек.

Молдир Макишева