МТРА жаңалықтары

Теріскейлік кітапханашылар бас қосты

С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана өңіріміздің алдыңғы қатарлы мәдени ошақтарының бірі. Нысан қорында 600 мыңнан артық туынды бар. Оның 19 мыңы электрондық нұсқаға аударылыпты. Кітапхана оқырмандары бұл жерде IT технологияларды да жетік меңгере алады. Ол үшін нысанда 11 орталық жұмыс істейді. Солардың қатарында, коворкинг, “Maker Spase” бар. Бір сөзбен айтқанда, мекеме қазіргі заман талабына сай. Бүгін мәдениет ошағының ұжымы өзге теріскейлік кітапханашылармен тәжірибе бөліуде.

Лариса Ельцова – «Білім саласындағы әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығы» МКМ әдіскері,

– Бүгінгі іс-шара 2 бөлімнен тұрады. Алғашқысы теориялық түрде ұйымдастырылса, кейін практикалық кезеңі өткізіледі. Бұл үшін конференцияға қатысушыларды 5 топқа бөлдік. Олар 5 секцияны аралап, кітапхананың жұмыс бағыттармен танысады. Осылайша, көргендерін өздері де алдағы уақытта қызметтерінде қолдана алады.

Кітапханашы Галина Косинова жиында айтылып жатқан ақпараттарды ұйып тындауда. Себебі, тың идеялар оның жұмысында кәдеге жарап қалуы мүмкін.

Галина Косинова -И.Шухов атындағы мектеп-гимназиясының кітапханашысы,Жамбыл ауданы:

 

– Семинарда айтылған әрбір мәліметті болашақта жұмысымда іске асырмақпын. Біздің кітапхана қорында 46 мыңнан астам кітап бар. Қазіргі уақытта оларды электрондық үлгіге енгізудеміз. Орталығымызда оқырмандар қатарын арттыру мақсатында медиатекамыз да жұмыс істеп келеді.

Ал, С. Мұқанов атындағы кітапхана 3 жылдан соң онлайн тәртіпте де жұмыс істемек. Нәтижесінде оқырмандар кез-келген жерде отырып-ақ, қажетті мәліметке қол жеткізе алады.

Тогжан Акмагамбетова