Балалар

Мектеп жанындағы жазғы лагерьлер жұмысын бастады

Сағат 10-да басқа балалар үйлерінде ұйқыдан енді оянып жатқанда, 17-ші ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушылары далада ойнап жүр. Олар күннің астында көп жүрген денсаулыққа пайдалы дейді.

Жангелді Мейірбек – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Маған осы мектеп қатты ұнайды. Біз жұмбақтар шешіп, суреттер саламыз. Таңғы жаттығулар жасап, денсаулығымызға көп көңіл бөлеміз.

Бұл балалар мектеп жанындағы жазғы алаңқайда тынығып жүр. Орталық жұмысын маусым айында бастаған. Қазір лагерьде мектепалды даярлық тобы мен бастауыш сыныптардың оқушылары уақыттарын тиімді өткізуде.

Балалар демалыс уақытында түрлі ұлттың ойындарын үйренеді. Қолдан сан алуан бұйымдар әзірлейді. Мысалы, мына сыныпта технология пәнінің мұғалімі кішкентайларға қағаздан гүл жасауды үйретуде. Бұл жапон методикасы қолдың ұсақ моторикасын және ойлау қабілетін дамытады. Шығармашылықтың осы түріне 3-сынып оқушысы София Игнаткович кішкентайынан жақын.

София Игнаткович – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің оқушысы:

– Демалыс уақытында футбол ойнағым келмесе, толып жатқан басқа іспен шұғылдана аламын. Маған жазғы лагерь осынысымен ұнайды. Мұнда жаңа достар таптым.

№17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешенінің жанындағы жазғы лагерде барлығы 100 бала демалуда. Олардың 30-ы әлеуметтік аз қамтылған отбасылардан шыққан. Сондықтан мұндай тегін демалып, жалпы білім беру қоры есебінен тамақтанады.

Евгения Нелюбина – №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешені жанындағы жазғы лагерьдің жетекшісі:

 

– Мектеп жанында жазғы лагерьлердің болғаны жақсы. Мұнда жеткіншектер педагогтардың жіті қадағалауында болады және уақыттарын тиімді өткізеді. Ата-аналары да балалары үшін алаңдамайды. Бізде аптасына екі рет спорттық шаралар оған қоса қазақ, орыс және ағылшын тілдерінен үйірмелер өтіп тұрады.

Петропавлдың кішкентай тұрғындарына мектепішілік шаралардан бөлек, қаладағы тарихи және ойын-сауық орындарына саяхат ұйымдастырылады. Жалпы мектеп жанындағы жазғы алаңқай маусым айының соңына дейін жұмыс істейді.

Берік Қасен