Білім

Дені саудың – жаны сау


Көңілді әрі денсаулыққа пайдалы шараға жиналғандар музыканың ырғағымен біркелкі қимылдап, кешенді жаттығулар жасай бастады. Спорттық акцияға бұл жолы медициналық колледж жастары мен денсаулық сақтау басқармасының өкілдері қатысуда.

Марина Ахметова – Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің директоры:

– Акция аясында еліміз бойынша атақты спортшылар, мәдениет қайраткерлері жаттығулар жасап, барша қазақстандықтарды спортпен айналысуға шақырып жатыр. Бүгін біз де бұл акцияны қолдап, жаппай жаттығуларды өткізіп жатырмыз.

Спорттық шараға барлығы 120-ға жуық жерлесіміз ат салысты. Солардың қатарында 2-курс студенті Батырхан Аманжолов та бар. Ол аталмыш бастаманың болашақ дәрігерлер үшін де, жалпы қала тұрғындары үшін де маңызы зор дейді.

Батырхан Аманжолов – Солтүстік Қазақстан медицина колледжінің студенті:

– Мен салауатты өмір салтын ұстанамын. Спортпен шұғылданғанды жаным сүйеді. Мәселен, 2 жыл көлемінде бокспен айналысамын. Бүгінгі акцияға қатарластарыммен бірге қатысып жатырмын.

Жалпы бұл акцияға кез-келген қала тұрғыны қатыса алады. Ол үшін жаттығу жасап жатқан видеоны “Сенің жаңа қырың” хэштегімен белгілеп, әлеуметтік желіге жүктеу қажет. Айта кеткен жөн, денсаулық сақтау басқармасы аталмыш челлендждің эстафетасын білім басқармасына жолдады.

 

Молдир Макишева