Такси қызметі балаларға сыйлық жасады

Балалар

14:08 5 Маусым 2018

Балалар мерекесіне орай “Империал” такси қызметі көліктерінің бәрін қызылды-жасылды түстермен бояп тастаған. Бұл темір тұлпарлармен тұрмыс жағдайы төмен отбасылардан шыққан жеткіншектер қаланың көрнекті жерлерін аралады. “Абылай хан резиденциясы” мұражай кешеніне аялдап, ішін көрді. Музей қызметкерлері өскелең ұрпаққа төл тарихымыз жайлы ақпарат беріп, кейін балғындарға жол қауіпсіздігі ережесін ойын түрінде түсіндірді.

Светлана Цыбарт – ата-ана:


– Ұйымдастырушыларға алғысымды айтамын. Балаларымызға танымдық және ойын-сауық шараларын өткізді. Олармен бірге біз де еріп жүріп, біраз қызықты дүниелерді көрдік. Көңіліміз көтеріліп, бір серпіліп қалдық.

Мереке күні “Империал” такси қызметі кішкентай петропавлдықтарды ойын-сауық орындарына да апарды. Әлеуметтік аз қамтылған жанұялардың балаларына орталықтарға тегін кіре алды. Балғындар бірден қалаған ермектерін тауып, бірі батутта секірсе, басқалары роботтар мен трансформерлар көрмесін тамашалады.

Мерекені ерекше атап өткен 25 балақай бұл күні тәтті сыйлықтарға да ие болды.

Берік Қасен

Бұдан әрі оқыңыз

“Нан үйі” атты суретшілер байқауы өтті
Стартапшылардың байқауы өтті
NewLife орталығының ерекшелігі
«Мен әлемді естимін» атты ашық есік күні өтті
“Nur Otan” мүмкіндігі шектеулі балаларға арнап қызықты шара ұйымдастырды