Аптадағы маңызды жаңалықтар

Тайынша ауданындағы “ПТФ Есильская” ЖШС күніне 180 мың дана жұмыртқа өндіреді

Ильичевка селосындағы “ПТФ Есильская” серіктестігі, 2017-ші жылы қайта іске қосылған. Жабылаудың аз-ақ алдында тұрған кәсіпорынның жұмысын жаңа инвестор қолға алыпты. Қазірде зауыттықтар күніне 180 мың дана жұмыртқа өндіреді.

Әсемгүл Айдарханова серіктестікте кәсіпорын ашылған алғашқы күннен еңбектеніп келеді. Нәзікжанды жұмыртқа сұрыптау қондырғысында жұмыс істейді.

Әсемгүл Айдарханова – “ПТФ Есильская” ЖШС жұмысшысы, Тайынша ауданы:

– Жұмысым өзіме ұнайды, басшыларымыз жақсы. 5 күн істейміз 2 күн демаламыз. Осы жерге келген жұмыртқаны көлеміне қарай сұрыптаймыз.

Құс кешені 2 өндірістік цех пен балапандарды күтіп-баптауға арналған тағы 2 орнынан тұрады. Қазір мұнда 480 мың бас “красс” тұқымды тауық бар. РФ-ның Кемерово облысынан жеткізілген құстың 1-уі айына орташа алғанда 25-30 дана жұмыртқа береді.

Қанат Жүсіпеков – “ПТФ Есильская” ЖШС бас технологы, Тайынша ауданы:

– Кәсіпорынның қуаттылығы тәулігіне 146 миллион дана жұмыртқа шығаруға жетеді. Дегенмен, бұл межеге жету үшін біраз жаңғырту жұмыстарын жүргізуіміз қажет. Осы күні өнімдерімізге сұраныс артып келеді. Негізінен жұмыртқаны Қарағанды, Астана, Павлодар, Батыс Қазақстан облысы мен РФ-ның барлық өңірлеріне жөнелтудеміз.

Еңсесін тіктеп келе жатқан зауыт жыл соңына дейін 100 миллион дана жұмыртқа шығаруды жоспарлап отыр. Ол үшін қазірден тауық басының санын арттырып, қосымша ғимараттар салуды бастап кеткен.

Бахыт Садвокасов