Спорт

Спорттық-балдық би түрлерінен СҚО ашық біріншілігі өтті

Жалынды румба, ча-ча-ча мен ырғақты вальс. Біріншіліктің шымылдығын ең кішкентай бишілер ашты. Олардың бұл әдемі спортқа келгендеріне бір жыл да толмаған. Десе де балдық билерге тән ритм мен көңілді бүлдіршіндер барынша жеткізуге тырысты.

Кейін паркетке юниорлар мен ювеналдар шықты. Вальс, румба мен ча-ча-чадан бөлек олар классикалық танго, самба мен джайв сынды латын америкалық, тағы еуропалық билердің бірнешеуін қазылар сынына ұсынды.

Бір уақытта паркетке бірнеше жұп шығып, әрқайсысы бидің үш түрін билейді. Бұл үшін оларға тек екі-үш минут беріледі. Осы уақыттың ішінде жеткіншектер өз деңгейлерін көрсетіп үлгерулері тиіс.

Полина Лашина, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

–  Біз ча-ча-ча, самбо мен джайвты биледік. Менің сүйікті биім – ча-ча-ча, ал Богдан Джайвты құп көреді. Жарысқа тыңғылықты дайындалдық, шеберлік сағаттарына қатысып, күнде жаттықтық.

Богдан Сиденко, жарысқа қатысушы, Петропавл қаласы:

 

– Жаттығу барысында біреуіміз қимыл-қозғалыстарды ұмытып қалсақ, ұрсысып қалатын әдетіміз бар. Бірақ кейін екеуіміз де жинақылық танытып, жанымызды салып билейміз. Осылайша, бұған дейінҚазақстан, Белорусия мен Грузиядағы чемпионаттарда топ жардық.

Чемпионат барысында алаңға 300-ге жуық жас биші шықты. Петропавлдық жеткіншектерге Астана, Қарғанды, Степногороск пен Рудный және Ресейдің Омск пен Троицк сынды қалаларынан келген спортшылар тиісті бәсекелестік көрсетті.

Александра Еремеева, спорттық-балдық билерден СҚО аға бапкері:

– Жарысқа 4 пен 18 жас аралығындағы жеткіншектер қатысып жатыр. Олар латын америкалық және европалық билерді әуесқой және қәсіби деңгейлерде биледі. Балғындардың өнерін Қазақстан мен Ресейдің үздік бишілері сынауда. Жарысты ұйымдастыруға ат салысқаны үшін облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына алғыс білдіремін.

Топ жарғант жұптарға кубоктар мен дипломдар табысталды. Сондай-ақ, біріншілік барысында 7 жасқа дейінгі балғындарға арналған сәнді киім үлгісінің көрсетілімі де өтті.

Саят Ермек