Ауыл шаруашылығы

Облыс әкімі Айыртау ауданына барды

Биыл көктемгі дала жұмыстарының мерзімінде атқарылуына ауа райы кері әсерін тигізді. Соған қарамастан теріскейлік диқандар алқаптардың жартысында маңызды шаруаны еңсеріп үлгерген. Мәселен, Айыртау ауданындағы “Айыртау Әліби” серіктестігі ырыздық сіңіру науқанын 73 пайызға аяқтапты.

Корней Шевченко – “Айыртау-Әліби” ЖШС директоры, Айыртау ауданы:


Масличные закончили, бобовые. Осталось 1700 ГА пшеницы и полторы тысячи 1,5 тысячи гектаров ячменя.
– Сколько дней работы?
– Если погода позволит порядка 5-7 дней.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Самое главное, что в оптимальные сроки уложили пшеницу и масличку, а серые хлеба, мы же знаем, что уходили далеко. Поэтому нормально.

Диқандар қауырт маусымға қажетті минералды тыңайтқыш, жанар-жағармай қорымен толық қамтылды. Ауданда әртараптандыру сәтті жүзеге асып келеді. Мұндағығылар соңғы озық технологияларды тиімді іске жаратып жатыр. Мәселен, “Айыртау Жер” серіктестігі үстіміздегі жылы 2 мың гектар алқабын органикалық егін шаруашылығына бөліпті. Бұл экологиялық өнімнің нарықтағы құны өзге дақылдардан 3 есе жоғары.

Әсет Мирманов – “Айыртау-жер” ЖШС директоры, Айыртау ауданы

– Тұқымды уақытында алдық. Негізінен егістік алды өңдеуге ерекше мән беріп келеміз. Егіннің шығымы жаман емес.

Технологиядан бөлек, қолда бар трактор, комбайндар да жаңартуды талап етеді. Бұл орайда, күзде жергілікті агроқұрылымдар қуатты ауыл шаруашылығы техникасына қол жеткізе алады. Өңіріміз немістік “КЛАСС” компаниясымен келісімшартқа отырып, жақында жаңа техниканы құрастыра бастайды.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Астық жинайтын комбайнның құны – 100 миллион теңге. Сіздер техника құнының 50 пайызын төлеп, қалғанын жылдық 7 пайыздық үстемақымен лизингке ала аласыздар. Жуық арада осы мәселені біржақты етеміз.

Жаймашуақ күндерді диқандар ғана емес, туристер де тағатсыздана күтуде. Былтыр Айыртау ауданының әсем табиғатында 30 мың адам демалыпты. Биыл бұл көрсеткішті асыра орындауға күш салынбақ. Ол үшін туристік орындарға апаратын тас жолдарды қалпына келтіруге жетерлік 4 миллиард теңге бөлінді. Оған қоса, демалушыларға арнап қызықты жобаларды да әзірленген. Соның бірі – автокараванинг. “Турпан” демалыс орны танығушыларды қазірден қабылдауға дайын. Мұндағы 13 үйге бір мезетте 50 адам қоныстана алады.

Құмар Ақсақалов – СҚО әкімі:


– Осы аумақта автокараван жасауымыз керек. Күзетілетін нысан болсын. Барлығы осы белгіленген жерде машиналарын қойсын. Мәдениет, тазалық болу керек. Сонда ғана адамдар келеді. Аумақ бар, су бар. Сондықтан жақсылап істеңдер!

Шалқар көлінің маңында болса, “Шалқар-су” шипажайы орын тепкен. Бір кездері дүркіреп тұрған нысанның қазір 120 орынға шақталған корпусы қаңырап бос тұр.

–  Когда-то был люкс!

Түс қағаздар мен витраждар біраздан бері ауыстырылмаған. Ғимаратта жарық пен жылу да жоқ.

– Стены наверно скоро разрушатся?

Николай Игренев – “Шалқар су” демалыс базасы директорының орынбасары, Айыртау ауданы:

– Кәріздік жүйе толығымен ауыстыруды қажет етеді. Нысанның қабырғасы ғана бар. Жағдай жасалмаған, өйткені, қаржы мүлдем бөлінбейді.

Кезінде бұл жерде сазбен емдейтін танымал орталық та жұмыс істеген. Ал мынау – шипажайжың асханасы. Алда нысанды жөндеу не болмаса, жаңадан тұрғызу мәселесі шешілмек. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов, қалай болғанда да орталықты туристерге ыңғайлап, жаңартуға тапсырма берді.


 

Бахыт Садвокасов