МТРА жаңалықтары

Медиация кабинеті ашылды

Жұмысы жақында ғана жанданған медиация институтының пайдасы аз емес. Бірақ дауласқан жандар ол жайлы біле бермейді. Сондықтан көбіне, дәстүрлі соттарға жүгініп, сол арқылы өз істерін шешетін көрінеді.

Айдар Смағұлов – СҚО сотының азаматтық істер жөнідегі сот алқасының төрағасы:

– Медиациялық іс кезінде тараптар екі жаққа да тиімді шарт ұсынып, келісімге келеді. Медиаторларға жүгініп, көптеген істерді оп-оңай шешуге болады. Өйткені, бітімгерлер арызданушыдан өтініш қабылданысымен іске кірісіп, екі жақты татуластыру амалдарын қарастырады. Сот арқылы айлап қаралатын істер 5 күн ішінде шешілуі мүмкін. Сондықтан, арыз берішулер әуре-сарсаңға салынбайды. Тағы іс бітіммен шешілсе, талапкерге мемлекеттік баж салығы қайтарылады.

Сондықтан дауласқандарды бітімгерлікке шақыратын осындай орындар көп болуы керек. Олардың қатары тағы екеуімен толықтырды. Облыстық мамандандырылған ауданарлық экономикалық соты мен Петропавл қалалық № 2-ші сотында медиация кабинеттері салтанатты түрде ашылды.

Арай Әбілмәжінова – Петропавл қалалық №2 сотының судьясы:

 

– Соттағы арнайы татуластыру жобасы үстіміздегі жылдың 28-ші сәуіріне басталды. Содан бері бізде 33 іс бітімгерлікпен аяқталды. Қысқаша өндірістен басқа, егер жауапкер басқа өңірде тұрса, не екі тараптың бірі мемлекеттік орган болатын болса, мұндай істер бітіммен келісуге жатпайды. Ал қалған істер мысалы, еңбек дауы, азаматтардың арасындағы неке дауы, қарызды өндіріп алу дауы пилоттық жобаға кіріп, бітіммен аяқталуға жатады.

Ашық түстерге боялған қабырға, жарық бөлме және ыңғайлы жиһаздар. Мұндағы жағдай кез-келген адамға жылулық сыйлайтындай етіп жасалған. Сот залына қарағанда әлдеқайда жайлы. Мұның өзі келіспей жүрген екеудің отырып, ыңғайлы атмосферада әңгіме бастауларына жағдай жасамақ.

Мағжан Ахмадина