Мәдениет

Кітапханда ерекше кеш өтті

Күзетші кейіпіндегі кітапхана қызметкерлері кіреберістен-ақ балаларды сұрақтың астына алып, жұмбақ жасырды. Балғындар болса, олардың барлығына дұрыс жауап берді.

Мерекелік кештің шымылдығын «Dance time» би тобы ашты. Кейін кітапхана ұжымы ертегі кейіпкерлеріне айналып, балғындармен бірге қызықты әлемге саяхат жасады.

Бұл мерекелік іс-шарада кішкентай оқырмандар белсенділік танытып, барлық ойындарға қуана-қуана қатысуда. Солардың бірі – Герман Кинцель.

Герман Кинцель:

– Бұл мейрамға құрбыммен келдім. Барлық ойындарға белсенді қатысып жатырмын. Ұйымдастырушылар біз үшін қызықты бағдарлама дайындады.

Балалар күніне орай кітапхана қызметкерлері кішкентай бүлдіршіндердің есінде қалатындай ерекеше мерекелік кеш ұйымдастыруды жөн көрген. Көптеген ойыдар әзірлеп, ертегі кейіпкерлерінің дефилесін көрсетті. Оған қоса, ұйымдастырушылар балалардың бетіне түрлі аквагримм салып, көңілдерін көтерді.

Мапруза Джумабаева – Ғ.Мүсірепов атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдерге арналған кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің жетекшісі:


– Осындай мерекелік кештер біз үшін дәстүрге айналған. Жыл сайын балаларға арнап әр-түрлі қызықты бағдарлама дайындаймыз.

Мерекелік іс-шараға 70-ке жуық бүлдіршін қатысты.

–  Маған осындағы тату салоны ұнады. Мен бетіме мынадай сурет салғыздым.


–  Маған бүгінгі кеште Карлсон кейіпкері ұнады. Көңіл-күйім керемет.

Дана  Ешкенова