Қоғам

“3 желания” сауда маркасы қызықты акция өткізді

“3 желания” компаниясының басшылығы мереке сайын акциялар өткізіп, тұрғындарға көтеріңкі көңіл-күй сыйлауға ерекше мән береді. Сауда маркасы ұйымдастырған бұл жолғы шара, кішкентайлардың құрметіне арналып отыр.

Андрей Пустовалов – “Eurasian Foods Corporation” АҚ филилалының директоры:

– Біздің компания балғындарға арнап түрлі шаралар өткізіп отырады. Бүгінгі акцияға 5 жастан бастап 12 жасқа дейінгі кез-келген бүлдіршіндер қатыса алады. Бағдарламада ойындардан бөлек, әншашу да қарастырылған.


Мерекелік кешке жиналғандардың арасынан 50 қатысушы іріктеліп алынды. Олар қызығы мен шыжығы мол 5 кезеңнен тұратын сыннан өтулері тиіс. Алдымен бүлдіршіндер маркердің көмегімен, шарға 5 минуттың ішінде күннің бейнесін салды.


Бұл сыннан сүрінбегендері келесі ойынға – сурет салуға көшті. Мұнда әр үміткер өз жанұясының сүйікті тағамын қағаз бетіне түсіруі қажет. 10 жасар Жанара Рамазанова отбасы мүшелері сүйіп жейтіп пиццаны уақытынан бұрын салып шықты.

Жанара Рамазанова:


– Мен пиццаны жақсы көремін. 15 минут берілгесін қиын болды. Отбасыммен осы тағамды жеймін. Сондықтан оның суретін салдым.


Бұдан соң, шапшаңдықты қажет ететін 3-ші кезең де келіп жетті. Ойынға құмар балғындар 2 топқа бөлініп, жарысқа түсті. Бәсекелестерін шаң қаптырған 7 қатысушы ақырғы кезең – бутербродтан мозайка дайындауға көшті. Бұл тартыста әр үміткерлер жылдам қимылдап, бір-біріне бәсекелестік көрсетіп бақты. Ерекше сайыста 3-ші орынға Абылайхан Хамза қол жеткізсе, 2-ші орынға Виктория Гущенко әзірлеген тағамдар мозайкасы ие болды. Ал жүлделі 1-ші орынды Аянат Асанова еншіледі.

Ботагөз Асанова – қала тұрғыны:

 

– Қызымызбен байқауға қатысу үшін ғана келдік. Жеңіске жету ойымызда болған жоқ. Осы сынды сайыста алғаш рет бағымды сынадым. Жүлде ретінде қызыма квадрокоптерді сыйға тартты. Қуанышымда шек жоқ. Көңілді мерекені ұйымдастырған компания басшылығына алғысымды айтамын.

Жалпы “3 желания” сауда маркасы өткізген мерекелік бағдарлама кішкентайлардың көңілінен шықты.

Бақыт Садуақасов