Әр түрлі

Ботаникалық бақта алоказия өсімдігі гүлдеді

Алоказия өсімдігінің жапырағы көлемді болып келеді, сондықтан гүлді “піл құлағы” деп те атайды. Алып алоказия гүлі өмірінде бір-ақ рет гүлдейді екен. Жергілікті ботаникалық бақта өсімдіктің жабайы түрі өсірілген. Ал әлемде піл құлағының 70-тен аса түрі кездеседі.

Альмира Жетпісбай – тілші:


– Сонымен қатар, жаңбыр жауар алдында піл құлағының жапырағынан тамшы тамады, осы қасиетіне орай гүлді “жылауық”, “Ауа райын болжағыш” деп те атайды. Гүл фитостерол, темір, мыс, никель және т.б көптеген макроэлемент пен дәруменге бай.

Ғалымдардың айтуынша, піл құлағы өсімдігін жөтел, мастопатия, ревматизм ауруларын емдеуде қолдануға болады. Сонымен қатар, оның денедегі жараны жазатын, аллергия, қабыну мен ісінуге қарсы емдік қасиеттері дәлелденген.

Екатерина Воложина – «Қызылжар оранжереясы» МКҚК экскурсия жетекшісі:


– Алоказия улы өсімдігінің емдік қасиеттері болғандықтан, ол халық арасында ерекше сұранысқа ие. Гүлде биологиялық белсенді заттардың көп болуына байланысты, әр түрлі инфекциялық ауруларды емдеуде қолдануға болады.

Бұдан бөлек, жақында ботаникалық бақта банан ағашы мен гибискустар да гүлдеген. Жалпы, мұнда әлемнің түрлі елдерінен жеткізілген шамамен 2 мың экзотикалық өсімдік бар.

Альмира Жетпісбай