Құқық қорғау органдары

Тәртіп бұзған 683 бала ұсталды

Мектеп оқушыларының көптен күткен демалыстары келіп жетті. Алайда, жаздың үш айы ювеналды полиция қызметкерлерінің жұмысын біраз көбейтетіні сөзсіз. Бұл мамандар кәмелеттік жасқа толмағандарды бақылауда ұстайды. Мәселен, кешкі 11-ден кейін көшеде балаларға ата-анасынсыз жүруге болмайды. Ереже ескерілмеген жағдайда әкімшілік жаза қарастырылған.

Гаухар Рамазанова – Петропавл қалалық ІІБ №1 полиция бөлімі ЖПҚ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы:


– Ювеналды полиция бөлімі жазғы демалыс кезінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды бақылауда ұстайды. Бұған қоса, тіркеуде тұрған отбасылар мен балалар да назардан тыс қалмайды.

Ювеналдық полиция қызметкерлері күні-түні барлық сауықтыру лагерьлерінде кезекшілік етеді. Тағы балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында да тиісті шаралар күшейтілмек. Осы ретте тәртіп сақшылары кезекті акция ұйымдастырған.

Ләззат Аяпбергенова – Петропавл қалалық ІІБ ЖПҚ ювеналды полиция тобының учаскелік инспекторы:


– Бүгін біз оқушылар мен студенттерге де жүріп келе жатқан көлікте адам өзін қалай ұстау қажеттігін түсіндірдік. Акцияға «JZ Петропавл» авто клубының мүшелері, жастар мәслихатының депутаттары мен колледж және университет студенттері қатысты.

Жалпы, жыл басынан бері тәртіп сақшылары қала көшелері мен демалыс орындарында түнгі уақытта қыдырып жүрген 600-ден астам жасөспірімді ұстаған.

Эльмира Садвокасова