Мәдениет

Поэзиялық оқу марафоны өтті

Ең алдымен ортаға сайыскерлер шақырылды. Олардың барлығы наурыз бен мамыр аралығында өткен аудандық оқу марафондарының жеңімпаздары. Үміткерлер орындарына жайғасқаннан соң, залда отырған көрермендер Қостанай қаласының кітапхана қызметкерлерімен онлайн трансляцияға шықты. Олар да облысымыздың 13 ауданынан келген қатысушылардың өнерін тамашалайды.

Ләззат Жолаушинова – С. Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханаларды дамыту бөлімінің басшысы:

– Бүгін кітапханамызда облыстық поэзиялық оқулары өтіп жатыр. Слайдтық тұсаукесер, өлеңдер оқылады. Олардың барлығы М.жұмабаевтың шығармашылығына қатысты болады.

Ризагүл Сайпиева – Ақжар ауданының намысын қорғау үшін келген. 4 жыл көлемінде Талшық ауылындағы кітапханада жұмыс істеп келетін маман шараға М.Жұмабаевтың “Жан сөзі” өлеңін дайындап әкелген.

Ризагүл Сайпиева – сайысқа қатысушы, Ақжар ауданы:

– Негізі поэзия жаныма жақын. М. Жұмабаетың “Сағындым”, “Жан сөзі” атты туындылары ұнайды. Жалпы облыстық сайысқа екінші рет қатысып отырмын.

Ал Қайсар Маликов болса, ақынның “Откровение” өлеңін ән ретінде орындамақ. Ол үшін сайыскерге 2 әріптесі көмектеседі.

Қайсар Маликов – сайысқа қатысушы, Тимирязев ауданы:

– Біз бұл шараға 1 ай көлемінде дайындалдық. Өзге қатысушылар сияқты өлеңді қара сөзбен емес, әнмен жеткізуді жөн көрдік. Жалпы М.Жұмабаевтың туындылары жаныма жақын. Сондықтан, оның шығармашығына арналған шараларға мүмкіндігінше жиі қатысамын.

Шара барысында облыстық орыс драма театрының актерлері болса, “Суд Магжана” спектакілінен үзінді сахналады.

Спектакль алғаш рет ақынның 115 жылдығына арналып сахналанған болатын. Жалпы мұндай шара облыста алғаш рет өткізіліп жатыр. Сайыс жеңімпаздары грамоталармен марапатталады. Одан бөлек, үздік өнер көрсеткен қатысушыларға 4 номинация қарастырылған.

Молдир Макишева