Білім

Жас ұстаздарға тәлімгерлік таныту мәселесі талқыланды

Семинар барысында еліміздің мемлекеттік мектептерінде жас мамандардың саны күрт қысқарып жатқандығы айтылды. Мәселен, былтыр республиканың білім ошақтарында еңбек өтілі 3 жылға дейінгі аралықты құрайтың 34 мың педагог сабақ берген. Өкініштісі, сол жандардың 7 мыңнан астамы жұмысын қиын көріп, қызметінен кеткен. Бұл өзекті мәселені жақын арада біржақты еткен жөн. Ол үшін еңбек жолын енді бастаған мұғалімдерге білікті ұстаздар қауымы тәлімгерлік танытқандары абзал. Мұны жүзеге асырар алдында шетелдік тәжірибені қолдану қажет.

Гүлнас Ахметова – «Өрлеу»БАҰО» АҚ басқарма төрайымы:


– Шетелдерде тәлімгерлік дәстүрі кеңінен дамыған. Мәселен, Австрия, Ұлыбритания елдерінде жас мамандарға тәлімгерлік танытқан ұстаздартың жалақысы артады, сағаттары қысқартылады
.

Шет елдердегі тәжірибені өзімізде қолдансақ мектептерде қызмет етуге құлықты жастардың қатары көбеймек. Мұны мінберден сөз сөйлеген әрбір педагог мәлім етті. Ал, Қызылорда облысында қызметін етті бастаған мамандарға тәлімгерлік қолдау бұрыннан көрсетіліп келеді. Осының арқасында Сыр өңірінде жұмыстан шығуға емес, шәкірт бойына білім нәрін құюға ынталы ұстаздардың қатары артуда.

Бауыржан Елеусінов – «Өрлеу БАҰО АҚ» Қызылорда облысы бойынша ПҚ БАИ филиалының директоры:


– Біздің облыста 20 мың 496 мұғалім бар. Соның 60 пайызы – жас мұғалім. Осы мамандарға білікті ұстаздар тәлімгерлік танытып, жол сілтеп отырады.

Тағы, шара барысында жиналғандар тәлімгерлік жасау бағытыннда әзірленген жобалармен танысты. Солардың бірін “Рухани жаңғыру” бағдарламасы негізінде Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің ұжымы дайындапты. Онда солтүстік өңірдің тарихы, киелі жерлері туралы айтылады.

Айжан Ибраева – Ғ.Мүсірепов атындағы №43 орта мектептің қазақ тілі және әдебиеті пәні мұғалімі:


– Өткен жылы біздің мұғалімдер мен оқушылар өлкеміздің 6 ауданын аралап, бірқатар мәліметтер әкелді. Сол бойынша жас ұрпақтарымыз тәрбиеленіп жатыр.

Нақтырақ айтсақ, бұл жоба 34 сағаттық сабақтан тұрады. Оны білім ошағының ұжымы өңіріміздегі басқа да мектепкерге ұсынуды жоспарлап отыр. Осылайша, тәлімгерлік ету үлгісін танытпақ ниетте. Айта кетейік, республикалық Workshoptime атты айдар таққан іс-шараға 200-ден астам педагог қатысты.

Байболат Култанов