Денсаулық сақтау

Медициналық көмек көрсету ісі талқыланды

Жанұзақ Базарбеков – «Help clinic медициналық орталығы» ЖШС директоры. Жерлесіміз басқаратын мекеме неврологилық ауруларға шалдыққан науқастарды тегін емдейді. Атап айтсақ, 1 ай ішінде остеохондроз, инсульт сынды дертке ұшыраған 50-ден аса жанға қызмет көрсетеді. Ұйым мұндай жұмысты әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коммерциялық емес акционерлік қоғамының жергілікті филиалы бөлген қаржы есебінен жүргізіп отыр.

Жанұзақ Базарбеков – « Help clinic медициналық орталығы» ЖШС директоры:


– 10 млн теңгеден аса ақшаға келісім жасалды. Бұл қаржының жартысынан астамы игерілді.

Жалпы, өңірімізде «Help clinic медициналық орталығы» серіктестігі сияқты 52 мекеме бар. Оның 30 мемлекеттік. Жергілікті жердегі денсаулық сақтау ұйымдарына жыл басынан бері 11,5 млрд теңге бөлініпті. Бұл жалпы келісілген сомманың 47% құрайды. Бүгінгі жиын барысында осы ақшаның иегерілу жайы талқыланып жатыр.

Мұрат Жәкенов – “Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры” КЕАҚ СҚОФ бөлім басшысы:


– Біздің қор мен емдеу мекемесі арасында қабылданған келісімшарт аясында бірқатар жұмыстар атқарылу тиіс. Бекітілген құжат негізінде ұйым дәрі-дәрмек сатып алудан бөлек, қызметкерлерінің біліктіліктерін арттыруы тиіс. Материалдық-техникалық базаны да жақсартуға міндетті. Тағы, мамандарының көрсетіп жатқан қызметтерін үнемі бақылап отырулары керек. Осының бәріне біз мониторинг жасап, тексереміз.

Келісілген жұмыс жоспардағыдай атқарылмаса, қордан бөлінетін ақша қысқартылады. Әрі, емдеу мекемесіне айыппұл салынады екен. Жиын соңында бұндай олқылықтарға жол бермеу керектігі айтылып, кезекті тексеріс жұмыстарының жайы сөз болды.

Байболат Култанов