Құқық қорғау органдары

Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай шығармашылық кеш өтті

Бүгін тәртіп сақшылары қызметтік формаларын ұлттық киімге ауыстырып, ортаға шығып өнер көрсетуде. Ақын өлеңдерін оқитын үміткерлердің жүзінде қобалжу байқалады. Бірі туынды сөздерін ұмытып жатса, келесілері асқан шеберлікпен орындауда. Сахнада өнер көрсеткендердің бірі – облыстық көші-қон басқармасының инспекторы Айнагүл Сауытбекова. Ол жиналған қауымға “Жан жарымды бір сүйемін түсімде” өлеңін оқып берді.

Айнагүл Сауытбекова – СҚО ІІД көші-қон басқармасының кіші инспекторы:


– Бұл өлеңінде Мағжан әйеліне деген махаббатын, оған деген сезімін ерекше жеткізген. Көрермендерге менің орындауым ұнады деп есептеймін. Бір оқып шықсаң, жаттауға оңай түседі. Жеңіске жетуге үміттімін.

Жас полицейлерден бірнеше жыл еңбектеніп жүрген қызметкерлер де қалыс қалмады. Айыртау аудандық ІІБ-нің инспекторы Жұлдыз Нәжікенова байқауда ақынның “Жәмилә” атты өлеңін оқыды. Нәзікжанды ақын-жазушыларды еске алу құрметіне өткізілетін жыр байқауларға ұдайы қатысып тұрады екен.

Жұлдыз Нәжікенова – Айыртау аудандық ІІБ инспекторы:


– “Жәмилә” өлеңінде адамдардың жолдасынан айырылған оның қандай азап шеккендері бейнеленген. Оның жүдеп кеткені. 01-50Ішкі істер органдары арасында сайыстар болды, соған қатыстым. 02-15Қарсыластарымнан жақсы өнер көрсеттім деп ойлаймын. Бірақ, шамалы қобалжу болды.

Барлығы – шығармашылық кешке облыстық ІІД-і, қала мен аудандық бөлімдерден 24 полицей қатысты. Көптің ішінен суырылып шыққандары 4 аталым бойынша марапатқа ие болады. Ал, үздік үштікке енгендеріне бағалы сыйлықтар табыс етіледі.

Бахыт Садвокасов